Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының атауы «Aqtobe» болып өзгерді

Дата: 24 августа 2017 в 22:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының атауы «Aqtobe» болып өзгерді

 —  Ернұр Көшерханұлы, жыл сайын маусым алдында көрермен телеарнадан жаңалықтар күтетіні хақ. Сондықтан әңгіме өзегін жаңа маусымға әзірліктен бастайық. Әсіресе, телеарна атауына қатысты үлкен өзгерістің қандай болатынын айтып берсеңіз.

— Біздің телеарнамыз қазақ журналистикасының қарашаңырағы, елдегі ірі медиа компаниялардың бірі «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретіні белгілі. Бұл корпорацияның құрамына бізден басқа барлық облыстық арналар және «Қазақстан», «Қазспорт»,  балаларға арналған «Балапан» телеарнасы енген. Бұдан бөлек, телерадиокорпорация  —  «Қазақ», «Шахар», «Астана», «Classic» сияқты төрт бірдей беткеұстар қазақ тілді радиолардың үйі. Мұны айтып отырған себебім, биылғы жаңа маусымды біз ғана емес, біздің басшылығымыз болып саналатын осы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы да үлкен өзгерістерден бастамақ. Бұл өзгерістер ауқымды болады: ең алдымен корпорация құрамындағы «Қазақстан», «Қазспорт», «Балапан» арналары мен радиостанциялардың негізгі белгілері — логотиптері өзгертілді.  Телекорпорация құрамына енетін арналардың жазуында өзгеріс болады. Сонымен қатар, корпорацияның үлкен медиаактив екендігін білдіретін арнайы белгі — мемлекеттің Туы іспеттес логотип жасалды. Сол арқылы медиаактивтердің тұтастығы әйгіленді. Логотиптердің эскизін қазақстандық жас дизайнер, режиссер Сәкен Жолдас жасап ұсынды.

Жоғарыда айтылғанға  сәйкес, корпорацияның құрамына кіретін 14 аймақтағы арналардың атаулары да өзгереді. Бұрынғы «Қазақстан-Ақтөбе» деген сияқты атаудың орнына, енді жекелеген сол аймаққа тән, сол өңірде жиі қолданылатын, сол өлкенің дәстүрлі атаулары енгізілетін болады. Мысалы, Aqtobe, Mangystau, Ontustik, Qyzyljar, Altay, Ertis тәрізді атаулар қолданылады.

Ребрендингтің негізгі мақсаты — корпорацияның халықаралық теленарықтағы танымалдылығын арттыру, корпорацияның барлық медиа активтеріне тән, ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін біртұтас танымал белгі құру.

— Уақыт көшіне ілескен талғамы зор телекөрермен шығармашыл ұжымнан жаңа жобалар, тың идеялардың жемісін күтетіні анық. Биылғы жаңа маусымда көзіқарақты көрерменді қандай жаңа телебағдарламалармен қуантпақсыздар?

— Әрбір жаңа телемаусым — телевизия саласы үшін көрерменге қызықты бағдарламалар ұсынуға берілген үлкен мүмкіндік. Осы жолы да шығармашылық ұжым біраз еңбектенді. Ала жаздай ауыл-аймақ аралап, жаңа бағдарламалардың түсірілімін жасады. Жоғары сапаны талап ететін көрерменнің көңілінен шығуға тырысатындай қор жинақтады.

Жалпы, қазір біздің арна телекөрермендердің сұранысын қанағаттандыруға барын салып қызмет етіп келеді. Бұрын біздің арнаны облыстағы 132 елді мекен ғана көретін болса, қазір тек облыстың шалғай ауылдары ғана емес, республиканың түкпір-түкпіріндегі көрерменге де ақпарат жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Сондықтан ақпараттық, танымдық, сараптамалық хабарлар тізбегін жаңадан ашылған бірнеше бағдарламалар толықтыратын болды. Көрермені көп хабарлардың сапасын арттырып, студияларын жаңғыртуға, тележүргізушілерінің стиліне, киім үлгісіне тың серпін беруге тырыстық. Ең бастысы — жаңа маусымда біздің арнада онға жуық жаңа түрлі жоба іске асады. Қоғамдық, интеллектуалдық бағыттағы бағдарламалардың саны артады. Реалити-шоу сияқты жанрлар енетін болады. Олардың ішінде «Бүк-шік», «Елдің баласы», «Туған жерге тағзым» сияқты қарапайым тұрғындардың өздері кейіпкері болатын қызықты жобалар бар. Мәселен, «Бүк-шік» реалити-шоу және «Туған жерге тағзым»  телебағдарламасын түсіру үшін шығармашылық ұжым бір ай бойы облыстың 12 ауданын аралады. Аудан орталықтарына ғана емес, алыс ауылдарға барып, тұрғындармен тілдесті. Аймақтың келбетін түгел көрсетуге тырысып, халықтың болмыс-бітімін, таным-түйсігін, сол ауылды ерекшелейтін тұрғындарының мінез-құлқын ашатын қызықты хабарлар тізбегін түсіріп қайтты. Оның ішінде Хан моласы, Қобыланды батыр, Абат-Байтақ, Есет батыр кесенелері сияқты қазақтың тұтас тарихын айшықтайтын тарихи жерлер де назардан тыс қалмады.

— Телевизия — БАҚ саласындағы ең ірі идеологиялық құрал, күрделі құрылым. Мұның мүмкіндігі, әсіресе, қазақтың рухани дүниесін байытатын бағдарламаларды молайтуға жұмсалатыны анық. Осы тұрғыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өзегі болатындай жаңа бағдарламаларды атап өтсеңіз? 

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұны жаңа жобалардың барлығында дерлік көрініс табады. Мәселен, «Туған жерге тағзым» бағдарламасында облыс аудандарындағы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар көрсетіледі. Бағдарлама аудан өңірінен шыққан танымал тұлғалардың жеткен жетістіктерін аймақ жастарына үлгі етіп, туған ауылға қолдау көрсетуге шақырады.

Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор Рахым Бекназаров жүргізетін «Біздің тарих» хабары ұлттық сана, ұлттық код қалыптастыру, сондай-ақ ұлт руханиятында ерекше орын алатын тарихымыздың мәртебесін арттыруды көздейді. Тарихшы-ғалым бұған дейін де «Тарих тағылымы» хабарын жүргізіп келген еді. Хабарға келетін тарихшы, археолог, саясаткер, қоғам қайраткерлері өңірдің тарихы төңірегінде танымдық сұхбат беретін болады. Әр келген спикер ғылымдағы, тарихтағы таптаурын пікірлер, тұжырымдарды емес, тың тақырыптарды қозғайды. Әсіресе, өңір тарихына қатысты соңғы уақытта мәлім болып жатқан қызықты деректерден хабардар етеді.

Сол сияқты көрерменге ұсынатын жаңа бағдарламалардың бірі — «Елдің баласы». Ақтөбе өңірінде дүниеге келген, қызмет етіп, еңбегі сіңген ел азаматтары осы хабардың қонағы болады. Олар әр салада еңбек етеді. Мұғалім, дәрігер, режиссер, депутат, мұнайшы, сәулетші… болып кете береді. Және де бағдарлама «Ақтөбе — құтты мекен» акциясының мазмұнын ашуға бағытталды. Хабарда өлкеміздің өркендеуінде өрнекті із қалдырған азаматтар туралы баян етіледі.

Жаңа телемаусымның айшықты орны бар тағы бір жаңа хабары «Рейтинг» деп аталады. Бұл біздің арнада бірінші рет қолға алынған жоба деуге болады. Тікелей эфирде өтетін ақпараттық-әлеуметтік бағдарламаға аудандардың әкімдері шақырылады. Атқарушы билік пен халық арасында байланыс орнату арқылы тұрғындардың әлеуетін көтеруге қатысты мәселелердің шешілуіне мұрындық болмақпыз. Тікелей эфирде телефон арқылы ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы да көрерменнен сұрақтар қабылданады. Бұл да Президент тапсырмаларының, мемлекеттік бағдарламалардың аудандарда орындалуын көрсететін рейтингтік хабар болмақ.

— Сонымен қатар саясаттан, экономикадан алыстау, қызықты танымдық хабарлардың да өз көрермені бар ғой…

— Әрине, ондай «жеңіл» хабарларды да жаңа қырынан ұсынып көруді ұмыт қалдырмадық. Мәселен, ток-шоу түріндегі «Ахтанов 54» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Тележүргізуші Есет Қаниев қоғамдағы, ел өміріндегі жайттарды, әсіресе әлеуметтік өзекті мәселелерді ток-шоу барысында бағдарлама қонақтарымен бірге талқылайды, қызу пікірталас та туындайды. Себебі, студияға жеке мәселесімен, тағдыр тауқыметін тартқан, елге сабақ боларлық оқиғасымен келетін кейіпкерлер қатысады.  Хабар жүргізушісі  кейіпкердің  жан дүниесін ашуы тиіс, сол арқылы хабардың тақырыбы өрбиді.

Ал «Вупи-пай» — кешкі уақытта жұмыстан үйіне келіп, теледидар алдына жайғасқан көрермен үшін еркін тақырыптарды қозғайтын қызықты, жеңіл бағдарлама. Тікелей эфирде өтетін хабар әлеуметтік желілердің қолданушыларымен де байланыс орнатады. Студия қонақтары музыкалық аспапта ойнап, ән салып, эфирге берілген уақытты көңілді өткізеді.

Біз кішкентай көрермендерімізді де ұмытпадық. Оларға арнап «Еркетай» бағдарламасын аштық. Жаңа маусымнан басталатын бағдарламаның мақсаты —  балаларды жан-жақты тәрбиелеу, түрлі ойындар арқылы оларды еңбекке үйрету, ойлау және сөйлеу мәдениетінің  қалыптасуына ықпал ету.

Жалпы, мұның бәрін айтып жеткізу мүмкін емес, жаңа маусымның жаңалығын көгілдір экран арқылы тамашалау керек. Телеарна өңірдің соңғы жаңалықтарын, өлке тарихын, қоғамдық өмірін, әлеуметтің сұранысын қашанда бірінші болып жеткізуге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ақтөбелік көрерменді өзіміздің Aqtobe-ні көруге шақырамыз!

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Читайте также