Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Инвестиция көлемі — 142,6 пайыз

Дата: 31 августа 2017 в 22:52

Инвестиция көлемі — 142,6 пайыз

Күз де есік қақты. Бұл — көп шаруаны тиянақтайтын уақыт. Нақ осы тұста Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықов «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында журналистермен жүздесіп, өткен жеті айда атқарылған жұмыстармен таныстырды, алдағы жоспарларын бөлісті.

Аталған мерзім ауқымында негізгі капиталға 1 миллиард 207 миллион теңге инвестиция салынды. Бұл 142,6 пайыздық көрсеткішті білдіреді. Құрылыс жұмыстарының көлемі бір миллиард теңгеден асты. Өнеркәсіп өнімінде де, соның ішінде қайта өңдеу өнеркәсібінде де өсім бар.

Брифингте ауыл шаруашылығы туралы айырықша айтылды. Аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына егжей-тегжейлі тоқталды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 20 бас мал сатып алынған. «Асылжар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аграрлық-несие серіктестігі арқылы қаржыландырылған. Ал Желтау ауылдық округіне қарасты «Ақ бота» шаруа қожалығы 80 мал сатып алуға ниеттеніп, құжаттарын тапсырып қойған. Жүз қой сатып алуды жоспарлаған «Мыңжасар» фермерлік шаруашылығы «Алтын асық» бағдарламасының игілігін көрмекші. «Құлан» бағдарламасы бойынша «Жаңа тұрмыс» шаруа қожалығының 95 аналық жылқы сатып алу жөніндегі жобасы мақұлданған.

Ауданда өндірістік кооперативтер құруға ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде жұмыс істей бастаған 13 ауылдық кооперативтің үшеуі — сүт өндірісінде шұғылданады, біреуі егіншілікті таңдаса, енді бірі ара балын өсіру бағытын ұстанды, ал қалғандары аралас шаруашылықтарды жүргізбекші.

Ауданда суармалы алқаптар 3,1 мың гектарға жеткізілді. Егістік алқабы аумағы көбейді. Биыл 90917 гектарға егіс салынса, қазіргі уақытта оның 36497 гектары жиналды. Орташа түсім 11,2 центнер деп бағалануда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қосестек ауылында 150 орындық клуб құрылысы басталды. Келер жылы Бадамшада балабақша құрылысын қолға алу жоспарлануда.

Шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінуде. Олардың игерген бөлшек сауда көлемі 502 миллион теңгені құрап отыр.

«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында тұрғын үй алу бойынша 11 маманға қаражат бөлінді.

Биыл Кемпірсай, Жосалы селоларының тұрғындары көгілдір газ игілігін көруге қол жеткізбекші.

Аудан басшысы журналистерге сондай-ақ өңіраралық байланыстарды дамыту, басқа да өзекті мәселелердің шешілуі туралы айтып берді.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті