Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

АВТОБУСТА БИЛЕТ АЛМАҒАН ЖОЛАУШЫ 68 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУІ МҮМКІН

Дата: 06 сентября 2017 в 12:53

АВТОБУСТА БИЛЕТ АЛМАҒАН ЖОЛАУШЫ 68 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУІ МҮМКІН
Астаналық автопарк басшыларына соңғы ескерту жасалды. Билет бермеген кондуктор да, бер деп сұрап алмаған жолаушы да жазаланатын болады.

Жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілгеніне он айдың жүзі өтсе де, елордалықтар оған ауысуға асығар емес. Оны тек қоғамдық көлікте жүретіндердің 10-15 пайызы ғана пайдаланып жүр дейді, – Астана LRT баспасөз хатшысы Асқар Атагулин. – Қалған 85-90 пайызы дәстүрлі төлем түрін таңдап отыр.

Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновтің мәліметінше, Елорда тұрғындары мен қонақтары күніне шамамен 800 мың рет қоғамдық көлік қызметін пайдаланады.

Жалпы қала бойынша, 1300 автобус қызмет көрсетеді, оның ішінде 340 автобус коммуналдық меншікте. Мемлекеттік автобустар қала бойынша жолаушылар тасымалының 30 пайыз үлесіне ие. Қалған 70 пайызы жекеменшікке тиесілі.

Кондуктордың айлығы қандай?

– Мемлекеттік автопаркте қызмет ететін автобус жүргізушісінің айлығы 230 мың теңге төңірегінде. Кондуктор болса, шамамен 110 мың теңге алады, – дейді Бекмырза Игенбердинов.

Бұл – тек коммуналдық меншіктегі бірінші автопарк қызметкерлерінің жалақысы. Басқа жекеменшік сегіз автопарк қызметкерлерінің айлығы туралы мәлімет жоқ.

11 аялдама жүргенде екі билет берген...

Астаналық Жаңыл Шағадатова Елордадағы қоғамдық көліктегі ахуал осындай деп ойламаған. Он жыл жеке көлігімен жүрген ол бірінші рет автобусқа отырғанда қатты таңқалады.

– 46 бағдардағы автобусқа отырдым, кондуктор бәрінің жолақысын қалтасына сала берді. Мүмкін бұрыннан солай шығар, мен енді ғана байқап отырған болармын. Тіпті ешкім билет сұрап та әуре болмады. Бір қыз екеуміз ғана билет беріңіз деп сұрап алдық. Болды. Билет беруі керек деп басқа ешкім жақ ашпады.

Жұмыстан үйге қайтқанда да тура солай болды. Мені қойыңызшы, бір айдан соң зейнетке шығамын, тегін жүремін. Жастарға неге бәрібір? Мен мұны шу шығару үшін емес, бәрі ережеге сай, дұрыс болса екен деген ниетпен қозғадым. Олар салық төлеуі керек, ол ақша бюджетке түседі дегендей.

Мәселені желіге жазғанымда мені қолдамайтындар көптеп табылды, «сізге бұл не керек?» деп өзіме тисе бастады. Жеке өзі мақсатымды көздеп жүргендей болдым. Елімізді өзгертетін жастар осылай ойласа, ертеңгі болашағымыз қалай болмақ?

– Ертеректе, 70-80 жылдары компостер деген болған. Сол сияқты жүйе неге жоқ? Кондуктор да керек болмайтын еді, кейбір аялдамалардан кіріп, тексеріп тұратын бақылаушылар болса, жетеді. Аялдама маңында билет сатып тұратын, сол жерден алып автобусқа кіргенде белгі соқтырып алып жүре беретінбіз. Ол кезде бағасы бес тиындық билетті алмай қолға түссең, төлейтін айыппұлың 5 сом (яғни билет құнынан 100 есе көп – авт.) болды-ау деймін. Өте жоғары еді. Сондықтан бәрі билет алатын.

«Валидатор істемей қалды!»

Мен кондуктордан «Неге билет бермейсіңдер?» деп сұрадым, жауап барлық жерде бірдей.

Бір қызығы, бірінші күні 11 аялдама жүргенде екі билет берді, екінші күні 12 билет берді. Екінші күні, кешке жұмыстан қайтарда кондуктор қыздың бәріне билет беріп жүргеніне қарағанда олардың бір күн ішінде орындауы тиіс (өзара келісілген – авт.) жоспары бар сияқты. Осы жерде маған бұдан біраз адам арам нанын жеп отырған сияқты көрінді…



Жуырда Еуропада болдым. Ол жақтағы жүйе өте қолайлы. Әрбір аялдама маңында билет сатады, автобусқа кіргенде уақытын қойдырып аласың. Әйтпегенде айыппұлы оңдырмайды. Және автобустарда үнемі ауа баптағыш (кондиционер – авт.) қосулы тұрады. Бізде сұрап әзер қостырамыз, бақылау жоқ. Әйтеуір шағым қалдырғаныңызға рақмет деп жай жаза салатын сияқты. Ешқандай шара қолданып жатқан жоқ, әкімдік те солай…

Біздегі енгізілген электронды жол жүру карталарын пайдаланатындар да өте аз. Әрбір аялдама қасында дүкендер бар, солар неге осы карталарды сатпайды? Мысалы мен ондай карталарды қайдан алатынын да білмеймін.

90 теңге астаналықтар үшін арзан ба? Әлде билет таратқан автопарктерге тиімсіз бе?
Бір таңқалдырғаны, – дейді Жаңыл Шағадатова, – көп адамдар жолақысын төлегенде билет сұрамайды. Ол ақшаның есепсіз, біреудің қалтасына кетіп жатқаны ойландырмайды. Демек, 90 теңге олар үшін қымбат емес. Тіпті жол жүру ақысын 150 теңгеге дейін көтерсе де таңқалмаймын, бюджетке қаражат түспесе, әрине, көтереді. Ол да дұрыс қой.

Бірақ адамдарды түсінбеймін. Билет сұрамайды, кейін өздері автобустарда адам көп деп шағымданып жатады. Мен алғашында, «неге билет сұрамайсыңдар, бұл ақша бюджетке түссе, мектеп, балабақшаларға барады, өзімізге жұмсалады ғой» деп айтып отыратынмын… Туыстарым біреу-міреу ұрып кетеді деп тоқтатты.

Меніңше, бар жолаушыларды жол жүру билетімен қамтуға автопарктердің өздерінде құлық жоқ. Егер оларда қызығушылық болса, автобустың ішіне «билет талап етіңіздер, билет бермесе мына номерге шағымданыңыз» деп жазып қоймай ма? Ондай жоқ. Демек адамдардың билет алғаны олардың өздеріне тиімсіз.

Мені жалғыз нәрсе қуантты…

Ол бізде қазақылығымыздың сақталғаны. Автобусқа кіріп барсаң, жастар тұрып, орын береді. Болмаса кондукторлар да орын тауып беріп жатады. Еуропада олай емес, ешкім орын бермейді.

Көлденең кеткен ақшаны кім есептейді?

Автопарктердегі көлеңкелі экономика жайлы қандай да бір ресми дерек жоқ. Бірақ ТМД елдерінің жол жүру ақысын төлеуді электронды жүйеге көшірген қалаларындағы тәжірибеге сүйенсек, жүргізушілер мен кондукторлардың жымқырып қалатын қаражаты автопарктің бір жылдық табысының 20-30 пайызын құрайды, – дейді Астана LRT баспасөз хатшысы Асқар Атагулин.

Алайда Астана LRT компаниясы өз есебін жүргізбеген, яғни өздері бақылып отырған шаруашылықтың жағдайын егжей-тегжей сараптамаған.

Тек қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновтің есебінше, астаналықтар күніне 800 мың рет қоғамдық көлік қызметін пайдаланады.

Есептеп қарасақ, астаналықтар бір жылда 292 миллион рет автобусқа отырады екен. Ал ТМД елдеріндегі тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенсек, 20-30 пайызы дегеніміз– 58-87 миллион. Енді осы санды бүгінгі жол жүру ақысына (90 теңге) көбейтсек, жылына кем дегенде 5-7 миллиард теңге есептен тыс қалып жатыр деген сөз. Нақтысында бұл цифрлар әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін.

Әрине, оның бәрі ұры кондуктор мен жымысқы жүргізушінің қалтасына түседі деуден аулақпыз. Бірақ қалыптасып қалған бір арамтамақ жүйенің бары анық.

Одан құтылудың бүгінде бір-ақ жолы бар. Ол жол жүру ақысын электронды түрде төлеу жүйесін 100 пайыз енгізу.

Қалалық жолаушылар көлігі басқармасы да қоғамдық көлік саласында көлеңкелі экономиканы болдырмау мақсатында осы бағытта жұмыстар жүргізудеміз дейді.

Ресейдің тәжірибесіне жақынбыз...

– Электронды жүйеге көшуде алдыңғы шептегі Европа, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибелері ескерілді. Біздің қолданғалы отырғанымыз менталитеті жақын Ресей (Мәскеу) мемлекетінің тәжирибесі, – дейді Бекмырза Игенбердинов.

Мәскеу электронды жүйеге көшуді қарқынды жүзеге асырған. Біздегі жүйе Мәскеудің «Тройка» деп аталатын электронды төлеу жүйесіне ұқсас. Айырмашылығы оларда автобусты 90 минут ішінде тегін ауыстыра аласыз. Бізде 60 минут уақыт қарастырылған.

Сонымен қатар, Мәскеуде жол ақысын қолма-қол төлеуді қымбаттату арқылы (Алматыда «Оңай» жүйесі де солай жасады), халықты электронды жүйеге көшуге ынталандырған және 2015 жылдан бері жол жүру ақысын қалта телефоны арқылы төлеу мүмкіндігі де ойластырылған.

Алматы оп-ОҢАЙ көшіп алды

Алматыдағы ОҢАЙ электронды төлеу жүйесі дифференциалды тарифті (яғни қолма-қол ақшаға билет құнының екі есе қымбаттауы – авт.) енгізгеннен екі аптадан кейін, 7,5 миллион транзакция жасалған, ол алдағы тариф енгізілгенге дейінгі екі аптамен салыстырғанда екі есе көп деуге болады.

18-31 шілде аралығында 3,5 миллион транзакция жасалған болатын. Қолма-қол төлейтіндер саны да төрт есеге төмендеген, осылайша шамамен 2 миллионнан 500 мыңға түскен.

Алматы қаласының автопарктерінің табысы екі апта ішінде 5 миллион теңгеден асып түскен. Ол тариф енгізілгенге дейінгі екі аптамен салыстырғанда 67 пайызға жоғары.

Осылайша, тамыз айының екінші аптасында ОҢАЙ картасын пайдаланушылар 9 пайызға артып, қолма-қол төлейтіндер 45 пайызға кеміген, дәлірек айтсақ 300 мыңнан 170 мыңға дейін түскен.

Астанада айыппұлды өсіріп көрмек

Астана әзірге Алматы сияқты дифференциалды тарифті енгізілмейді. Бірақ билет бермейтін кондукторлар мен билетсіз жолаушыларға жаза күшейтіледі.

Бұрын билет бермеген кондуктор не алмаған жолаушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622-бабына сәйкес 2 айлық есептік көрсеткіш (2017 жылы АЕК көлемі 2269 теңге) айыппұл төлейтін болса, әлемдік тәжірибеге сай айыппұл сомасын 20-30 АЕК-ке дейін (шамамен 45-68 мың теңгеге) арттыру тиімді екенін көрсетіп отыр, дейді басқарма басшысы.

Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, автопарк басшыларына соңғы ескерту жасалды.

Қала әкімі де бақылап отыр...

Қала басшысы Әсет Исекешев те қоғамдық көліктердің жұмыс сапасын назардан тыс қалдырмайды.

– Әкім барлық орынбасарлары мен қалалық ведомство басшыларына қоғамдық көліктермен жүріп, заң бұзушылықтардың жолын кесуге қатаң тапсырма берген болатын. Күн сайын осындай бақылаулар нәтижесінде жауапты тұлғалар қоғамдық көліктердің жұмысына мониторинг жүргізеді. Тиімді нәтиже алу үшін жауапты мамандар жолаушылар көп жүретін уақыттарда тексерістер жүргізеді. Барлық тексерістердің қорытындысы бойынша, күн сайын қала әкіміне бар мәселелер көрсетілген есеп ұсынылады, – дейді баспасөз хатшысы.

Дереккөз: Информбюро.кз

По сообщению сайта Матрица.kz