Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ОҚО-да «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты денсаулық фестивалі өтті

Дата: 12 сентября 2017 в 16:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау басқарамасының ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты «Денсаулық фестивалі – 2017» кең ауқымды акциясы өтті. Шараға қала тұрғындары, білім, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Акцияның ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев шараның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
«Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» даму стратегиясының ең маңызды басымдылықтарының бірі денсаулық, білім алу мен Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттырып, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы орайда бүгінгі фестивальдің берері мол. Акцияның мақсаты – жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару», — деді Жансейіт Қансейітұлы.


Айта кетейік, «Денсаулық Фестивалі» 1999 жылдан бастап жыл сайын қыркүйек айында республиканың барлық өңірлерінде өткізіледі. Биылғы жылы акция салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығы мен «ЭКСПО-2017 АСТАНА» халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылып отыр.


Акция «Жүру зиян емес, жүрмеу зиян» ұранымен жаяу жүру марафонынан бастау алды. Шараға медицина ұйымдарының қызметкерлері мен студент жастар қатысып, Желтоқсан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысынан әл-Фараби алаңына дейін жаяу жүріп өтті.
Мұнан соң акция қатысушылары «Менің денім сау болса, елім сау» флешмобы мен «Салауатты рух» атты спорттық көріністерді тамашалады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қатысуымен «Пайдалы тағамдар», «Күз сыйы» атты көрмелері аясында өнімдердің пайдалы қасиеттерін дәріптейтін мастер-класс сабақтары ұйымдастырылды.


Бұдан бөлек, арнайы құрылған «Денсаулық қалашығында» қала тұрғындары мен қонақтары медициналық жолдамасыз-ақ дәрігерлерге қаралып, түрлі диагностикалық тексерулерден өтіп, тегін жедел-анализдер тапсыруға мүмкіндік алды. Іс-шара соңы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі мәдени-спорттық бағдарламаларға ұласты.


Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Zakon.kz