Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жастар құрылысқа жұмылдырылды

Дата: 14 сентября 2017 в 23:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жастар құрылысқа жұмылдырылды

«Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы қарсаңында ақтөбелік жастар көктемгі тасқын судан зардап шеккендерге көмек қолын созды. Кеше жүзден астам жас Қурайлы елді мекенінде су тасқынынан жапа шеккендер үшін салынып жатқан құрылыс алаңында болып, тұрғындарға қолдау көрсетті.

100 ОҚУШЫНЫҢ КӨМЕГІ

Бұл шара облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

— Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумы аясында көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін бір күндік акция ұйымдастырғанды жөн көрдік. Ол үшін Ақтөбе қаласындағы бірқатар арнаулы оқу орындарына хабарласып, жастарды осы іске тарттық. Әрине, бұл хабарды естіген кезде колледж оқушылары бір ауыздан өз келісімдерін берді. Оқушыларды бір күндік сабақтан босатып, құрылыс жұмыстарына жұмылдырып жатырмыз. Мақсат — жастарды жапа шеккен отбасыларға баспана тұрғызуға тарту, қайырымдылық шараларына баулу, патриотизмге, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға тәрбиелеу, — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Тарғын Жақыпов.

Қазір Қурайлы ауылында тасқыннан зардап шеккен отбасылар үшін бірнеше участокта жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр.

— Бүгінде кейбіреулері шамаларына қарай берілген участокта үйлерін екі қабатты етіп тұрғызса, көпшілігі үйлерін бір қабатты етіп қалап, төбесін жауып үлгерген. Әлде де болса төбесі жабылмаған, ішкі әрлеу жұмыстары бітпеген үйлер бар. Колледж оқушылары құрылыс жұмыстары аяқталмаған осындай үйлердің иелеріне көмектесті. Акцияға қатысқан 100 бала 4-5-еуден бөлініп, әрбір участокқа жіберілді.  Араларында қыз балалар да бар. Олар — Ақтөбе политехникалық және Ақтөбе құрылыс-бизнес колледжінің оқушылары. Көмекке аталған оқу орындарында құрылысшы, тас қалаушы, сылақшы және сырлаушы мамандықтары бойынша білім алып жатқан жастар тартылды, — дейді Т.Жақыпов.

БАСПАНАНЫҢ ТӨБЕСІ ТҰРҒЫЗЫЛДЫ

Тасқыннан зардап шеккендердің бірі — Балкенже Асанбаеваның отбасы. Көктемде Махамбет ауылы суға кетіп,  ондағы тұрып жатқан отбасылардың көбісінің баспанасы су астында қалған еді. Мұндай қасіретті Балкенженің де отбасы бастан кешірді. Қазір жалпы ауданы 130 шаршы метр аумаққа жаңа баспана тұрғызып жатқан Балкенже жастар көмекке келгенде, қатты қуаныпты.

— Көктемдегі тасқыннан зардап шеккен отбасылардың жағдайын жасап, тез арада бұл мәселені оңтайлы шешу үшін жергілікті билік өкілдері көп көмектесіп жатыр. Ең бастысы — Қурайлы ауылынан жер телімін беріп, баспана тұрғызуға қолдау көрсетті. Махамбет ауылындағы үйімізді су шайып, тұруға жарақсыз күйде қалды. Басымызға түскен мәселені осындай жолмен шешіп берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа отбасымның атынан ерекше алғыс айтамын. Оның үстіне, құрылыс жұмыстарын тездету үшін жастар көмекке келіп жатыр. Осы істі ұйымдастырушыларға да, көмектесіп жатқан балаларға да айтыр алғысым шексіз, — дейді Б.Асанбаева.

Б.Асанбаева үйінің төбесін енді-енді жауып жатыр. Кеше жастардың араласуымен төбенің тақтайшалары тұрғызылып, бірқатар ішкі жұмыстар жүргізілді. Яғни, жерге қиыршық тас төселіп,  тегістеліп цемент құйылды.

— Қазір ауламызда шағындап тұрғызып алған үйшікте тұрып жатырмыз. Бұдан басқа баратын жеріміз жоқ. Күн салқындаған сайын, құрылысты тездетіп бітіруге тырысып жатырмыз. Балалар көп көмегін тигізді. Сырттан топырақ, қиыршақ тас тасып, үйдің еденін биіктетті. Жаңа баспанамыздың қабырғасы ракушняктан қаланған еді. Көмек келген балалардың арасында қыздар да бар екен. Олар қаланған кірпіштердің арасын цементпен бекітіп, сылады. Мұның өзі бізге үлкен көмек, — дейді Балкенже.

Төлеби ТАСҚЫНБАЕВ, Ақтөбе политехникалық колледжінің құрылыс мамандығы бойынша 4-курс оқушысы:

— Мұндай іске бірінші рет қатысып тұрмын. Әрине, қолдан келгенше қайырымды болуға тырысамын. Тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін өз үлесімді қосып жатырмын. Қайырымдылық шарасына тобымыздағы 13 бала түгел қатыстық. Ол үшін бізді бір күн сабақтан босатты. 4-5 бала болып №63 участокта жұмыс жасап жатырмыз. Мұндағы баспананың құрылысы әлі аяқталмаған. Үй тұрғызу үшін жеткілікті мөлшерде құрылыс-материалдары бар болғанмен, қол ұшы керек екен. Сондықтан қасымдағы құрбыларыммен бірге мен де бұл үйдің еденін биіктету үшін сырттан қиыршық тас, топырақ тасыдық. Үй иелерімен бірге түскі ас ішіп, қайта жұмысымызға кірістік.

Алмагүл Ақылбекова, Ақтөбе политехникалық колледждің техника-құрылыс мамандығының 4-курс студенті:

— Бұған дейін оқу, өндірістік тәжірибелер кезінде құрылыс жұмыстарына араласып көрдім. Мәселен, өткен жылы Ақтөбе қаласындағы «РудстройЛТД» мекемесінде    өндірістік тәжірибеден өтіп, өзіме біраз тәжірибе жинақтадым. Колледжден алған білімім мен өндірістік тәжірибеде үйренгендерім өзіме үлкен көмегін тигізіп жатыр. Қаланған кірпіштердің арасынан жел өтпеуі үшін цементпен сыланады. Оның өз тәртібі бар. Қазір №63 участокта салынып жатқан үйдің сыртында осындай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Оқып жатқан мамандығым өзіме қатты ұнайды. Бұл істі де ерекше қызығушылықпен атқарып жатырмыз. Біздің міндет — берілген тапсырманы сапалы орындау. Әрине, бұл үйдің құрылысының толық аяқталуы үшін көп жұмыс жасалу керек. Ішкі әрлеу жұмыстарынан өзге, үй ішіне су, газ құбырларын тарту қажет. Мұның өзі үлкен күшті талап етеді. Бізге дейін бұл үйдің иелеріне жас мамандар көмекке келген.

   P.S. Облыстық жастар ресурстық орталығымен мұндай шара бұған дейін, яғни тамызда «Соз қолыңды көмекке» акциясы атауымен өткізілген болатын. Ол кезде облыстың барлық ауданынан 150-ге тарта жас маман келіп, Қурайлыда зардап шеккен отбасылар үшін салынып жатқан баспана құрылысына қолдау көрсеткен. Бұл шара мұнымен аяқталмайды. Тарғын Жақыпов жастар тарапынан қолдау болса, мұндай қайырымдылық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті