Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Эфирде долданған келіншек: Желідегілер министр Абаевтен «Қалаулым» бағдарламасының жабылуын талап етті (ВИДЕО)

Дата: 18 сентября 2017 в 11:54 Категория: Новости политики

Эфирде долданған келіншек: Желідегілер министр Абаевтен «Қалаулым» бағдарламасының жабылуын талап етті (ВИДЕО)

Онда бағдарлама қатысушылары бір-бірімен жанжалдасып, боқ ауыз сөз айтуға дейін барады. Ол аз дегендей Замира есімді келіншек ер азаматпен сөзге келгені соншалық, тура студия ішінде тепсініп, жігітке қол көтереді. Бағдарламаның аталған жанжалды үзіндісі әлеуметтік желіде тарап кетті. Оны көргендер ашуға булығып, мұндай сорақы көрсетіліммен эфирді толтырып отырғандар жауапқа тартылу қажет деп шешті. Сонымен қатар Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан аталған бағдарламаның жабылуын талап етті. Мәселен, шымкенттік блогер Айгүл Орынбек министр Абаев рухани азғырту жасап жүр ме деген күдігін де жайып салды.

«Экранды қашан тазалаймыз? Мына бағдарламаны тағы да қарап, саралап шықтым. Эфирге берілетін екі сағат уақыт осындай көріністерге тұнып тұр. Не тəрбие? Елбасымыз рухани жаңғырта алмай жүр жастарды. Министр Абаев мырза рухани азғырту жолын жасап жүр ма? Қазақтың қызы ел алдында ер азаматқа «Мен сені қаладым » — деп айтуы өлген мен тең емес пе? Тікелей эфирде бір — біріне боқ ауыз сөз былай тұрсын, ер азаматқа қол көтеріп тепсінгені нес? Экран беті тазармай біз рухани жаңғырмаймыз! Идеологиямызды қолға алатын кез келді. Қоғамдық азаматтық көзқарастар қалыптасып келеді. Халықпен санасқан дұрыс!» деп ашынды желі парақшасында ойын бөліскен блогер. «Жалпы бұл бағдарламаны эфирге шығарып отырғандардың есі дұрыс емес!», «Жабу керек түкке қажеті жоқ, өзім қарамаймын, «Күлкілі. Ызалы күлесің. Санамыздың жеткен жері», «Масқара мынаны эфирге не мақсатта шақырған? Осындай бағдарламадан соң жастарға не тəлім тəрбие беремін деп ойлар екен?», «Өтірік «постановкамен» ел арасына бүлік салушы мына бағдарлама жойылсын да ұйымдастырушылары сотталсын» деп жазды желідегілер. Тіпті кейбірі бағдарлама жүргізуші, әнші Аша Матайды телеарнадан аластату керектігін айтып, «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» дегенді алға тартты.

По сообщению сайта NewTimes