Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ұстаз есімі ұлықталды

Дата: 19 сентября 2017 в 21:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ұстаз есімі ұлықталды

Еліміздегі тұңғыш мектеп-гимназия —  Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияға аталған білім шаңырағының ашылуына ұйытқы болған Мәрия Құраманғалиеваның есімі берілді. Сондай-ақ, ұлағатты ұстазға арналып мектеп қабырғасына ескерткіш тақта ілінді.

Салтанатты түрде өткен шараға жиналғандар көп болды. Зиялы қауым өкілдері, білім саласының ардагерлері, ұстаздар, Мәрия Ғизатқызының балалары, бауырлары, туыстары қатысты. 

Облыстағы үздік мектептердің бірі — №32 мектеп-гимназияның тарихы 1989 жылдан басталады. Сол жылы Мәрия Құрманғалиеваның мұрындық болуымен Ақтөбеде ашылған тұңғыш қазақ мектебі 1991 жылы, яғни еліміз тәуелсіздік алған жылы мектеп-гимназия атанды. Сөйтіп, №32 мектеп-гимназия Ақтөбедегі, тіпті, еліміздің батыс өңіріндегі ғана емес, Қазақстандағы тұңғыш ұлттық гимназия болуымен де ерекшеленді. Тұңғыш ұлттық гимназияның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан болатын.

— Бүгін — ерекше маңызды күн, — деп сөзін бастады жиында алдымен сөз алған облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова. —  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық ағарту ісінің үздігі» және «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атақтарының иегері Мәрия Ғизатқызына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жиналып отырмыз. Мәрия Ғизатқызы ана тіліміздің мәртебесін көтеруге көп күш жұмсады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына да сүбелі үлес қосты. Ол облыстық атқару комитетінің хатшысы, облыстық және қалалық кеңес депутаты болып сайланды.

Мәрия Ғизатқызы Ақтөбе қаласында қазақ мектебінің ашылуына бастамашы болды. Ол кісінің үлкен еңбегінің арқасында бұл мектеп республикадағы тұңғыш ұлттық гимназия атанды.

Ұлағатты ұстаз зейнеткерлік демалысқа шыққанда да, ағартушылық қызметтен қол үзген жоқ. Өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Облыс әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер кеңесінің алғашқы төрайымы болды. Ол өзіне жүктелген барлық міндетті  абыроймен атқарды. Оның ғылыми педагогикалық саланы дамытуға сіңірген ерекше еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Бұдан кейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева да ұстаз еңбегі туралы тебірене сөз сөйледі.

— Біз бұл күнді ұзақ күттік. Бүгін біздің мақсат, тілегіміз орындалды. Мектепке Мәрия Ғизатқызының есімін беруде ұлағатты ұстазбен бірге еңбек еткен педагогтердің еңбегі ерекше болды. Олар бір тыным таппай, осы игі істің басы-қасында жүріп, қолдау көрсетті.

Жақында бір материалдарды қарап отырғанымда, Мәрия Ғизатқызын біздің заманымыздың Ыбырай Алтынсариніне теңепті. Расында, Мария Ғизатқызы —  біздің заманымыздағы Ыбырай Алтынсарині.

Бүгінде №32 мектеп-гимназияның ұжымы Мәрия Ғизатқызының ісін абыроймен жалғастырып келеді. Мектептің білім сапасы жоғары. Сол себепті де гимназия — қаладағы, облыстағы үздік мектептердің бірі.  Педагогке деген құрмет жалғаса берсін, — деді Ләззат Оразбаева.

Жиында ардагерлер Ниетжан Беріков, Сматолла Беркімбаевтар сөз сөйлеп, Мәрия Құрманғалиеваның білім саласын өркендетуге қосқан ерекше үлесі туралы мазмұнды әңгіме айтты.

Шара барысында Ақтөбе облысының құрметті азаматы Ниетжан Беріков пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова Мәрия Құрманғалиеваға арналған ескерткіш тақтаны ашты. Бұдан соң гүл шоқтары қойылды.

Шараға Мәрия Ғизатқызының сіңлісі Гүлнар Ғизатқызы, балалары Олег Маратұлы, Болат Маратұлы, Снежана Маратқызы және немере-шөберелері де келді.

— Бүгін — барлық ақтөбеліктер үшін тарихи маңызды күн. Себебі, еліміздегі  алғашқы қазақ гимназиясының ашылуына ұйытқы болған ұстаздың еңбегі еленіп, оған лайықты құрмет көрсетіліп жатыр. Осы игі істі ұйымдастырушыларға, Ниетжан Беріков, Әбдіраш Есмахан ағаларыма, Сәния Қалдығұловаға, мектеп-гимназия директоры Айжан Жамбыловаға және гимназия ұжымына шексіз алғысымды білдіремін.

Мәрия Ғизатқызы енді «біздің Отанымыздың мақтанышы, абыройлы азаматтары болып өседі» деген үмітпен гимназияның әр оқушысын күнде таңертең қарсы алып тұрады… Анамның бейнесі ел-жұртының есінде мәңгілік есте қалатыны үшін бақыттымын және оны әр кез мақтан тұтамын, — деді ұстаздың ұлы Олег Құрманғалиев.

Жиын соңында республикалық байқаулардың жүлдегерлеріне Мария Құрманғалиева атындағы төсбелгі табысталды.

    Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті