Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Биыл 1 сыныпқа қабылданғандардың 90 пайызы қазақ мектебіне барған

Дата: 19 сентября 2017 в 21:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Биыл 1 сыныпқа қабылданғандардың 90 пайызы қазақ мектебіне барған

Облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты жиын өтті.

Оған «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы Дос Көшім, басқарма қызметкерлері, сондай-ақ әр түрлі салада қызмет ететін өзге ұлт өкілдері қатысты.

Шараның мақсаты — орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеріп, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының кепілі ретінде қазақстандық жас ұрпақтың тәрбиесі, білім-ғылым, жаңа технология саласындағы жетістіктері жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

Жиынды облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қайрат Сұлтаналин ашып, облыста 18-22 қыркүйек аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу мәселесі, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтіп жатқанын жеткізді.

Басқосуда саясаттанушы Дос Көшім мемлекеттік тілдің қолданылуы мен лингвисткалық мәселелер туралы сөз қозғады.

Шара соңында жиналғандар саясаттанушыға өз сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.

                           Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті