Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Полиция қызметі: 500 кездесу, 1000 ұсыныс

Дата: 21 сентября 2017 в 22:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Полиция қызметі: 500 кездесу, 1000 ұсыныс

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының 30-қадамын жүзеге асыру үшін өткен жылы облыста жергілікті полиция қызметі құрылған болатын. Осылайша Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жергілікті полиция қызметіндегі басты ерекшелік — халыққа есеп беру мен қызметтің ашықтығы. Сол сияқты, полицейлердің жұмыстары жергілікті тұрғындардың пікірімен бағаланады.

Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиевпен құрылым қызметінің міндеттері және аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде әңгімелескен болатынбыз.

 — Бүгінгі күнге дейін жергілікті полиция қызметкерлері қандай тапсырмаларды орындау арқылы халықпен тығыз қарым-қатынас орната білді?

— Елбасының «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының 30-қадамы жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құруға бағытталған. Облыста өткен жылы құрылған бұл құрылымның міндеті — қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері мен тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, сол сияқты ұсақ құқықбұзушылыққа тосқауыл қою арқылы үлкен қылмыстардың жолын алу. Осындай міндеттерді атқару арқылы жергілікті полицейлер көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық — бұзушылықты оңалту арқылы халыққа жақын бола түседі.  Бір айта кететін нәрсе — облыста қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелердің шешімін табуға жергілікті атқарушы органдар жан-жақты қолдау танытып отыр. Бұл орайда мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа құрылымның материалдық-техникалық базасын нығайтуға қолдау танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Себебі, бүгінгі күні аудандардағы барлық учаскелік полицейлер арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілді.

— Облыста қылмыс, құқықбұзушылық жағдайларына қатысты жалпы ахуал қандай?

— Бүгінгі күні облыста  қылмыстық әрекет, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселесінде ішкі істер органдарымен бірлескен шаралар жүзеге асырылып жатыр. Алайда бұл бағытта проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары да қарастырылуда. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша облыста қылмыстың тіркелу көрсеткіші 29 пайызға төмендеді. Оның ішінде қоғамдық жерлерде орын алатын қылмыстың тіркелу көрсеткіші 15 пайызға, ал көшедегі қылмыстық жағдайлар деңгейінің 19 пайызға азайғаны байқалады. Сол сияқты көшедегі тонау, қарақшылық, бұзақылық жағдайлар да сәйкес кезеңмен салыстырғанда азайған. Есепті кезең ішінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері  700-ге тарта қылмысты ізін суытпай ашты. Сонымен қатар, кісі өлімі 31 пайызға төмендеді. Тағы бір айта кететін жайт, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша биыл осы кезге дейін 123 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл — былтырғы деңгеймен салыстырғанда 3 пайызға көбейіп отыр. Мұны қоғамдық ортадағы ұсақ құқықбұзушылықтардың көбеюімен түсіндіреміз. Себебі, қазір жергілікті полиция қызметкерлеріне жүктелген міндеттің бірі — көп қабатты үйлердің ауласында халықпен тілдесу, олардың арыз-шағымын қанағаттандыру. Осыған байланысты жол-патрульдік полицейлерден күн сайын баянхаттар алынып, сол арқылы тиісті шаралар қабылдануда.

Биылғы жылдағы бір ерекшелік — жергілікті полиция қызметкерлері шілде, тамыз айларында халықпен 500-ге тарта кездесу өткізді. Алайда мұндай жұмыстардың көп бөлігі облыс орталығында ұйымдастырылды. Себебі, қалада қоғамдық тәртіпті сақтау, бұзақылық оқиғалары жиі тіркеледі. Сондықтан полицейлер мен халықтың кездесуі көп қабатты үйлердің ауласында жиі өткізілді.  Мұндай кездесулерді ауыл-аймақтардағы учаскелік инспекторлар әр тоқсан сайын өткізеді. Бұрын полицейлер халықты арнайы бір ғимаратқа жинап, жиын өткізетін еді. Одан пәлендей нәтиже бола бермейтін. Ал тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, олардың арыз-шағымын тыңдау — полицейлер жұмысына өз пайдасын тигізіп отыр. Кездесулер кезінде халықтан 1000-ға жуық ұсыныс-пікір түсті. Әрине, түскен арыз-шағымдардың 60 пайызы жергілікті атқарушы органдардың шешетін мәселесі. Дегенмен, бұл мәселелер де жауапсыз қалмайды, біздің тарапымыздан сараптама жасалып, құзырлы органдарға хат жолданды. Ал халықтан түскен 400-ге тарта арыз-шағым тікелей біздің жұмысымызбен байланысты болғасын, мониторинг жасалды.

— Полицейлердің жұмысына тікелей қатысты арыз-шағымдардың негізгі мазмұны қандай?

— Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан түскен арыз-шағымдардың дені  пәтер иелері кооперативтерінің жұмысымен тікелей байланысты. Себебі, көпшілік үйдің ауласында бейнебақылау қондырғысы жоқ. Сол сияқты кейбір үйлердің жертөлесі қадағалаусыз, ашық жатыр. Енді бір үйлердің подъезінде жарық, бейнеқондырғы жоқ.  Осындай келеңсіздіктер қоғамда тәртіп бұзушылық пен қылмыстың көбеюіне әсер етеді. Тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстардың бірде-бірі қараусыз қалған жоқ. Қалай болғанда да халықтың ұсынысын қанағаттандыруымыз керек. Қазір осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.

Бүгінде  Ақтөбеде оншақты мемлекеттік емес күзет мекемесі бар. Олар бейнеқондырғы орнатумен айналысады. Бұл мекеменің мамандары үйлерге дабыл қондырғысын орнатумен де шұғылданады. Осы мәселеге байланысты біз көктемде қаладағы пәтер иелері кооперативтері мен кондоминиум жетекшілерінің басын қосып жиын өткізген болатынбыз. Қазір қаладағы пәтер иелері кооперативтері мен мемлекеттік емес күзет мекемелері арасында байланыс бар. Осындай бірлескен жұмыстардың арқасында биылдың өзінде  көп қабатты үйлердің ауласында 1000-ға жуық камера орнатылды. Сонымен қатар үйлердің ауласында физикалық қауіпсіздік шарасы қабылдануда. Биылдың өзінде бұл қызметті тұрғындар көптеп пайдалануда. Яғни, тұрғындардың келісімімен үйдің бір бұрышына арнайы дүңгіршік орнатылып, күзет қойылады. Әрине, бұл күрделі мәселе. Бұл мәселелер аймақта толық шешілді деп айтуға болмайды. Енді осы жылдың қазан айында  пәтер иелері кооперативтері, кондоминиум жетекшілерімен тағы бір мәрте кездесу өткізбекпіз. Егер бұл бағыттағы жұмыстармен айналыспаған пәтер иелері кооперативтері анықталса, оларды осы іске жұмылдыруға әрекет жасаймыз. Халықпен кездесу ұйымдастыру жұмыстары әлі де жалғасады. Жыл соңына дейін ірі-ірі мекемелерде де кездесулер ұйымдастырып, облыста криминогендік ахуалды жақсарту мәселесі талқыланады. Алдағы уақытта келісім құжаттарына сәйкес мекеме мамандары да полицейлерге көмекке тартылмақ.

— Жол қозғалысы  мәселелерін шешуде жергілікті полиция қызметінің дәрмені қандай?

— Жол қозғалысына қатысты орын алған жағдайлардың да деңгейі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді. Атап айтсақ, жол қозғалысы оқиғасы — 9 пайызға, жарақат алғандар мен жол оқиғасына байланысты қайтыс болу дерегі бойынша төмендеушілік байқалады. Аймақта жол қозғалысы оқиғасының орын алуына әсер ететін басты жағдайлар — жылдамдықты арттыру, қарама-қарсы шығу, алкогольді ішімдікті пайдалану. Нақтырақ айтсақ, биыл 6 айдың қорытындысында жылдамдықты арттыру бойынша 2 мыңнан астам оқиға тіркелсе, ал шілде,   тамыз айларында жол-патрульдік полицейлер 3 мыңға тарта деректі анықтады. Бұл — осы бағыттағы жұмыстардың аймақта күшейтілгенін білдіреді. Бір айта кетерлік жайт, жол қозғалысы мәселелеріне байланыста құрылымда апта сайын іс-шаралар өткізіледі. Яғни, мұндай жұмыстар полицейлердің күнделікті жұмыс барысында орын алатын мәселелерге өз әсерін тигізуі керек. Мәселен, облыста өткен 6 айдың ішінде ішімдік ішіп көлік жүргізген  900-ге тарта адам жауапқа тартылса, ал шілде, тамыз айларында 800 адамның көлікті ішімдік ішіп басқару дерегі анықталды.

— Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі — мал ұрлығы. Әсіресе, ауыл-аймақтарда мал ұрлығын болдырмау және оның алдын алуда учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыруға қандай да бір басымдық берілді ме?

— Мал ұрлығы — өңірдегі өзекті мәселенің бірі. Бақташысыз малды өріске жіберу проблемасы әлі де болса бар. Бұл мәселе бойынша жергілікті полиция қызметі тарапынан аудан әкімдеріне ұсыныс жасалған болатын. Қазір технологияның дамыған заманы ғой, мал ұрлығының алдын алу үшін GPS қондырғысын  пайдаланып жатырмыз. Әсіресе, үйірімен жүретін малдың бойына осындай қондырғылар орнатылып жатыр. Мәселен, бір отар қойды бастайтын ешкіге, үйірдегі жылқыларға GPS орнату ісін қазір Хромтау ауданы бірінші болып қолға алды. Бұл құралды жеке адамдар өз қалтасынан сатып алып жатыр. Заманауи құралдың бағасы да — қолжетімді. Кем дегенде 10 мың теңгенің шамасында сатылады. GPS арқылы малдың қай бағытта жүргені байқалады. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға, сондай-ақ учаскелік инспектор мен ауыл әкімдерінің қызметін жеңілдетуге көп көмегін тигізеді.

— Бұған дейін биыл жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың өскенін мәлімдеген едіңіз. Енді бұл келеңсіздікті жою үшін қандай шаралар қолға алынбақ?

— Осы жағдайға байланысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруымыз керек. Соның бірі — мектеп дирекциясы мен мектеп инспекторлары арасындағы жұмысты нығайту. Себебі, екі ортада байланыстің үзілгені бойынша деректер тіркелді. Мәселен, мектеп инспекторы материалдарды жергілікті атқарушы органдар жанындағы жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға жолдаса, бұл жағдайдан мектеп әкімшілігі мүлдем хабарсыз болған. Бүгінгі күні жергілікті полиция қызметі мен облыстағы 9 жастар ұйымымен екі жақты меморандумдарға қол қойылды. Себебі, мектеп оқушыларының қылмысқа бару жағдайларымен тек полиция ғана емес, мектеп дирекциясы, ата-аналар  да айналысуы керек.  Енді осы іске жастар ұйымдарының мүшелері тартылып жатыр. Мақсат — қоғам болып осы келеңсіздіктің орын алуына тосқауыл жасауымыз қажет. Сол сияқты былтырғы жылмен салыстырғанда, оқушылардың қатысуымен жол қозғалысы мәселелерінің орын алу дерегі төмендеді. Білім ордасына жақын орналасқан жүргіншілер жолынан  оқушыларды өткізу үшін мектеп инспекторларының алдына осындай міндет қойып отырмыз. Қаладағы кейбір мектептерде 2 инспектордан бекітілген. Бүгінгі күні қаладағы кейбір мектептерде  бұл жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Ол үшін мектеп инспекторлары бізге есеп береді. Тағы бір айта кететін жайт, қазір біз «Мектеп сақшылары» үшін арнайы киім үлгісін жасадық. Яғни, жоғары сынып оқушылары арасынан мектеп инспекторларының жас көмекшілері тағайындалады. Оларға тігілетін арнайы киім мәселесіне қатысты облыс, аудан  әкімдері қолдау танытты. Бір мектепте осындай 8-10 оқушыдан тағайындалады. Ең бастысы — оқушылар мектеп ережесін бұзбауы тиіс. Жас көмекшілер үзіліс кезінде осы бағытта жұмыс жасайды. Бұл бастама ел аймақтары арасында Ақтөбеде бірінші болып қолға алынып жатыр.

Тағы бір айта кететін жайт — жас мамандарға тәлім-тәрбие беру ісін жолға қою. Себебі, учаскелік инспектор, жол-патрульдік полициясы немесе жасөспірімдер ісі жөніндегі және мектеп инспекторлары арасында жастар көп. Қызмет істеп жүргендердің 70 пайызы — жастар. Сондықтан ардагер полицейлерді жастарға тәлімгер ретінде жұмысқа тартып жатырмыз. Ардагерлеріміз тарапынан қолдау болмаса, әзірге қарсылық жоқ.

— Рахмет!

Сұхбаттасқан Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті