Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Облыс әкімі Болгарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Дата: 22 сентября 2017 в 00:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Болгарияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Петковпен кездесті.

Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Болгария арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, болгариялық тарап туризм саласында өз тәжірибесімен бөлісуге дайындығын білдірді.

Облыс әкімі Қазақстан мен Болгария арасындағы ықыласты және достық қарым-қатынастың қалыптасқанын атап өтті. Бұл сыйластық қос мемлекет басшыларының арқасында, әсіресе, өңірлерде тұрақты дамып келеді.

«Қазақстанда 100-ден астам халық пен этникалық топ өкілдері тұрады. Мемлекет басшысының саясатына сәйкес біздер барлық азаматтарға ұлты мен дініне қарамастан тең жағдай жасап жатырмыз. Өз кезегімізде біз облысымызда тұратын болгар азаматтарына Президенттің саяси бағытын қолдайтындықтары үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деді Б.Сапарбаев.

«Мен үшін Ақтөбе облысына келген сапарым өте маңызды, себебі мұнда 1500 этникалық болгар өмір сүреді. Облыс басшылығына оларды қолдағаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл Сіздің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық келісім саясатын нақты іс-әрекеттермен дәлелдеп отырғаныңыздың тағы бір айғағы», —деді В.Петков.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 мыңға жуық этникалық болгар болса, оның 1500-і Ақтөбе облысында тұрады. Айта кету керек, биыл болгар ұлтының Қазақстанға алғаш қоныстана бастағандарына 110 жыл толады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті