Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ШҰРАЙЛЫ ЖЕР, СУ ҚОЙМАЛАРЫ, ҚОЛАЙЛЫ КЛИМАТ БОЛА ТҰРА МАЛДЫҢ ӨСУІ НЕЛІКТЕН 1,5-4% АСПАЙДЫ?

Дата: 23 сентября 2017 в 10:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ШҰРАЙЛЫ ЖЕР, СУ ҚОЙМАЛАРЫ, ҚОЛАЙЛЫ КЛИМАТ БОЛА ТҰРА МАЛДЫҢ ӨСУІ НЕЛІКТЕН 1,5-4% АСПАЙДЫ?
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мал басын арттыру, ет пен сүттің өндірісі мен оларды өңдеу саласындағы жұмыстарды сынға алды. Мемлекеттік бағдарламалармен бөлінген қаржының игерілуі мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту азық-түлікпен қамтамасыз етуге, баға тұрақтылығын сақтау мүмкіндік береді. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен қаржының игерілуін тыңдаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жұмыстың кемшін тұстарын айтып берді.

«Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін және импортты алмастыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде, бірақ, қорытынды цифрларға қарасақ, айтарлықтай тиімді болмай отыр. Мәселен, біздің облыстағы 30 миллион гектар жердің 25 миллионы ауыл шаруашылығына жарамды, бірақ белгісіз себептермен біз тек 10 миллион гектарды ғана пайдаланамыз. Мал жайылымы үшін 20 миллион гектардан 9 миллион гектары ғана пайдаланылады. Осы және басқа да көрсеткіштер біз қолда бар әлеуетті толық жарата алмай отырғандығымызды көрсетеді. Шұрайлы жер, су қоймалары, қолайлы климат бола тұра малдың өсуі неліктен 1,5-4% аспайды? Көптеген өңірде мұндай мүмкіндік жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жақсы қолдау болатын мемлекеттік бағдарламалар бар, бірақ оны игеру жағы кемшін», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі жиын кезінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту туралы айтылғанын хабарлады. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Олжас Смағұловтың айтуынша, сегіз айда жылқы малының басы — 7,1%, құс саны — 18,5%, ешкі — 7%, ірі қара мал — 4,3%, қой 1,4% артты. Жыл басынан бері мал өнімдерінің айналымы 77,9 млрд. теңгені құрады.

Қазіргі кезде өңірде қуаттылығы жылына 21,5 мың тоннаны құрайтын 11 ет өңдеу кәсіпорны бар. Олардың орташа жүктемесі 61%. Ал 6 сүт өңдеу цехының жүктемесі 18 пайызға ғана жеткен. Жоспар бойынша жалпы құны 10,7 млрд теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

«Мал шаруашылығы — экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі. Біз өзімізді-өзіміз азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Қолда бар әлеуетті пайдаланудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет. Бұл біздің басты міндетіміз », — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

По сообщению сайта Матрица.kz