Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мерейі биік мүсінші еді…

Дата: 25 сентября 2017 в 00:32

Мерейі биік мүсінші еді…

Мен қызмет бабында көптеген мүсіншілермен және суретшілермен кездесіп, олардың тағдыр сыйлаған таланттарына тәнті болғанмын. Солардың қатарында мәскеулік Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық суретшісі Александр Кибальников, скульптор-монументалист Евгений Вучетич, Лениндік сыйлықтың лауреаты Михаил Аникушкин, профессор Лев Кербель бар еді. Олардың шеберханаларында болып, шығармашылық құпияларын бөлісудің реті келген жағдайлар болды. Олардың қай-қайсысы да мені «Қазақстаннан келген қонақ» деп сыйлап, құрметтейтін-ді.

Ал қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Хакімжан Наурызбаев, Қазақ КСР халық суретшісі Евгений Сидоркин, қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш игерген Айша Ғалымбаевамен де жұмыс бабында кездесіп, пікірлес болған сәттер кездесті.

Ал кеңестік кезеңдегі осындай ірі тұлғалардың ізімен өнер өріне көтерілген жерлесіміз Бақытжан Әлімбайұлы Әбішевтің орны мүлдем бөлек деп ойлаймыз.

Әлі есімде, алпысыншы жылдардың аяғында Алматы қаласында жоғары партия мектебінде оқып жүрген кезімде Ойылдан осында жиналысқа келген Берсиев атындағы кеңшардың аға шопаны, Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің мүшелігіне кандидат Қуаныш Ержанов, «Жетікөл» кеңшарының директоры, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Отар Қылипанов хабарласып, «осында Әлімбай Әбішев қайтыс болған екен, сол үйге кіріп шығайық» деді.

Алматы көк базарының маңындағы екі қатарлы үйге бардық. Жеңгей үйде, балалары институтта, мектепте оқуда екен. Әлімбай ағамыз соғыстан жеңіспен оралғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінде ветеринария басқармасының басшысы болып қызмет атқарыпты. Үлкені Бақытжан Мәскеудің Суриков атындағы оқу орнын бітіріп, мүсінші ретінде танылды. Болаты әкесінің ізін қуып мал дәрігері мамандығы бойынша еңбек етті. Бақытжанның еңбектері Қазақстанның өнер саласында өзіндік орнын тапты. Астанадағы Ататүрік ескерткіші, Әлия Молдағұлова мен Жаяу Мұсаның ескерткіштері, Алматыдағы Тоқаш Бокиннің ескерткіші, Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтің ескерткіштері, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова мен Ахмет Жұбанов ескерткіштері, Мәскеудегі Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіштер оның қолынан шыққан бірегей туындыларға айналды.

Ол Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткеріжәне Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

2003 жылы Атырау облысында Исатай-Махамбет кесенесінің ашылу салтанаты болды. Ақтөбеден Үкітай Байжомартов, Зәкіраддин Байдосов, Идош Асқар, Сағынтай Әлімбетов, басқа да бір топ азаматтар сол жиынға қатыстық.

Осы шараға Елбасымыз арнайы келді. Қасымжомарт Тоқаев, Иманғали Тасмағамбетов те онымен бірге жүрді. Біздер Олжас Сүлейменов, Әбіш Кекілбаев секілді әдебиетіміздің көрнекті тұлғаларымен сапарлас болдық.

Осы кесененің авторларының бірі Бақытжан Әбішев еді.

Артынан Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлова даңғылы бойында скульпторалық композиция ашылып, көшірмесі Астана қаласында орнатылды.

Менің байқағаным — Бақытжаннның алдағы күндерге де белгілеген жоспарлары аз емес еді. Есімде қалған бір әңгімесі ойымнан кетпейді.

— Аға, біз, мүсіншілер жұмысымызды аяқтап, мәңгілікке орнатып, қалдырып кетеміз. Ол біздің бойымыздан шыққан перзентіміз секілді. Қоштасарда көңіліміз босайды, тіптен көзімізден жас шығады,—деп еді ол.

Мен Бақытжанның шеберханасында бірнеше мәрте болдым. Ол бірде, нақты айтқанда мен Мекке-Мәдинаға қажылық сапарына аттанып бара жатқанымда «Аға, сіздің мүсініңізді салып берейін» деп ұсыныс жасады. Туындының он бес күн шамасында әзір болатындығын айтты. Уәделі уақытта шағын форматта гипстен және дөңгелектеп күйдірілген, лактаған баральефін де әзірлеп қойыпты, соны сыйға тартты. Бұл мен үшін қымбат сый болды, қазір үйімде сақтаулы тұр. Ақтөбеде орнатылған Ленин ескерткішінің авторы Николай Щербаковтан да алған осындай сыйлығым бар еді, екеуінің өзіндік айырмашылықтары бар.

Бақытжанның інісі Болат Әлімбайұлы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Ақтөбеде, Алға, Темір аудандарында қызмет етті. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болды. Сонау тоқсаныншы жылдары Ойылда Социалистік Еңбек Ері Қуаныш Ержанов дүниеден өткенде бірге барып, топырақ салыстық.

Жалпы Әбішевтердің қай-қайсысы да «әкеміздің көзін көрген жерлес ағамыз» деп мені құрметтеп, сыйлаушы еді.

Бақытжан Әбішев биылғы жылдың басында, жетпіс жасқа толуына тура алты ай қалғанда өмірден озды. Оның осы өңірден шыққан белгілі мүсінші екенін жас ұрпақ білуі тиіс деп ойлаймыз және абзал азамат, керемет талант иесінің жақсы есімі ұмтылып қалмай, жаңғырып тұруы жөн деп ойлаймыз.

 Өтеміс ӘКІМОВ,

еңбек ардагері.

Ақтөбе қаласы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті