Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Шымкент тұрғыны жақ ашпайтын депутаттарға ашынды

Дата: 06 октября 2017 в 14:24 Категория: Новости политики

Бұл туралы тұрғын Дәурен Болыс желі парақшасында ашынып жазды.

«Біздің өңірден, яғни ОҚО-дан сайланған Мəжіліс депутаттары Парламентте жүр ме? Ой тоба, біреуі сайланғалы мəселе көтеріп жақ ашпады-ей...Не үшін барды Парламентке солар? Сендерді «халық қалаулысы» дейді. Көтерсеңдерші мəселе. Оңтүстікте «неужели» проблема жоқ? Оңтүстікте болмаса басқа өңірлерде шешімін таппай жатқан мəселе көп ғой...» деп ашуға булыққан азамат тек оңтүстіктен сайланған емес, өзге де аймақтардан келген халық қалаулыларының үнсіз отыратынын сөз етті.

Тағы оқыңыздар: Тойда жартылай жалаңаш билеген биші еркектердің шақуатын оятты (ВИДЕО)

«Жарайды, бізден сайланғандарды қоя берші, анау қашанда халықтың сөзін сөйлегіш Артур Платоновта үн жоқ. «Журналист, елдің мұңын айтады» деп жүрміз оны. Жым-жырт. Сен тимесең мен тиме бадырақ көз. Отырсың ба Парламентте сөйле, жаға жыртыс, үстелді ұр. Талап қой министрлерге, сұрақтың астына ал» деген шымкенттік тұрғынның бұл жанайқайын өзгелер де қолдай кетті. Тіпті бірі өзі куә болған жайтты да жайып салды.

«Маңғыстаудан да кезінде бір депутат барып, он жылдап бір сұрақ қоймастан, аузын ашпастан кетіпті. Бірақ сол депутат трамплин болып, үкіметтік жұмыстарда қалып, қызмет етіп жүр. Халқына көмегі болмаса да, өзіне пайдасы тиіпті. Маңғыстау халқы білетін шығар, кім екенін...» деп жазды Нұрболат Ақниязов есімді желі қолданушысы.

По сообщению сайта NewTimes