Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

АУЫЛДЫ ЖЕРГЕ БАРҒАН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ

Дата: 07 октября 2017 в 13:53 Категория: Новости экономики

АУЫЛДЫ ЖЕРГЕ БАРҒАН ДӘРІГЕРЛЕРГЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
ОҚО-ның бас дәрігері жыл басынан бері денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді. Алайда бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады», — деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Оның айтуынша, 1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандар бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. Бұл мақсатта 8582 компьютерлік техника сатып алынған. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100% компьютерленеді. Бірыңғай сервер медициналық ұйымдарын пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады. Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққта түседі.

Мұқан Кеңесбекұлының айтуынша, қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды, бұл өз кезегінде пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Осылайша Оңтүстік тұрғындары республикада алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алады.

Дереккөз: baq.kz

По сообщению сайта Матрица.kz