Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Медициналық университетке — 60 жыл

Дата: 09 октября 2017 в 01:32 Категория: Новости науки

Медициналық университетке — 60 жыл

Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,  Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Төреғали Шарманов, белгілі ғалым, республикалық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев, Марат Оспанов атындағы қордың президенті, қайраткердің жары Бақыт Оспанова және еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен АҚШ, Швеция, Италия, Польшадан келген шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. 

Облыс әкімі бастаған қонақтар алдымен  қазақтың тұңғыш әйел дәрігері Аққағаз Досжанова атындағы ғимараттың ішін аралап, танысты.

Салтанатты жиында облыс әкімі жиналғандарды алпыс жылдық мерейтоймен құттықтады.

—  Қай сала болмасын, оның дамуы, болашағы сол саланың мамандарына байланысты. Денсаулық сақтау саласы жұмысының нәтижелі болуы — маман даярлап жатқан оқу орнының еңбегі. Алпыс жылдың ішінде университеттен  25 мың маман бітіріп шықса, қазір олар еліміздің түпкір-түпкірінде  адам денсаулығын жақсарту үшін еңбек етіп жатыр. Оқу орнының жетістігі көп. Қазақстанда екі Еңбек ері болса, соның бірі — осы университет түлегі Серік Ақшолақов. Бәрі еңбекпен келеді. Бұл оқу орнында Төрегелді Шарманов, Жақсылық Досқалиев ректор болды. Жақсы басшының жұмысы жақсы маман даярлауға септігін тигізеді.

Өткен жылы Үкіметтің шешімімен университет базасында Қазақстанда бірінші рет медициналық кластер құрылды. Мақсат — өзіміздің мамандарды пайдаланып, батыс өңіріне, көрші ел азаматтарына медициналық қызмет көрсету. Биыл бір жылдығын қорытындыладық, нәтижесі жақсы, — деген облыс басшысы өңірдегі трансплантология, кардиохирургия, нейроинсульттік көмек беруді дамыту жобалары туралы айтты.

Университет ректоры Ербол Бекмұхамбетов университет жетістіктерін баяндады. Қазір оқу орнында 800 оқытушы еңбек етіп, бес мың студент білім алады. Бірнеше оқу ғимараттары мен емхана, жатақхана бар.  Ербол Бекмұхамбетов оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты, академиктер Төрегелді Шаманов пен Жақсылық Досқалиевты  және Бақыт Оспанованы бағалы металдан жасалған «Құрмет» медалімен марапаттады.

Конференцияда  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов конференцияға қатысушыларды бейне байланыс арқылы құттықтады.

-— Ақтөбе облысы елімізде мемлекеттік және жекеменшік серіктестік жобаларын іске асыру жағынан көш басында тұр. Өңірде офтольмологиялық емхана, жедел медициналық көмек бекеті, қалалық балалар ауруханасы және өзге де маңызды нысандар салынып жатыр.  Бұл —  өзге өңірлер үшін үлгі.

«Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында біз әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікті жолға қоя отыра, медициналық білім беруді жаңғырту шараларын қолға алып жатырмыз, — деген министр облыс әкіміне осы бағытта атқарған нәтижелі жұмыстар үшін алғысын айтты.

Сондай-ақ министр университет түлектерінің арасында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, Ұлттық ғылым академиясы мен медициналық ғылым академиясының жиырмадан астам академигі және корреспондеті шыққанын, 300-ден астам ғылым докторы, профессор, мыңнан аса ғылым кандидаты бар екенін айтып, оқу орнының ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Университетте 1968-1971 жылдары ректор болған Төрегелді Шарманов жұртшылықты мерекемен құттықтады.

—  Қарағанды облысында туып, өссем де Ақтөбе менің туған жерім секілді. Қай уақытта да ыстық көрінеді, әрбір жетістігіне қуанып, жанкүйер болып отырамын, — деген академик облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен оқу орнының ректоры Ербол Бекмұхамбетовке бірнеше ғылыми кітаптары мен бие сүтінен жасалған шоколадты сыйға тартты.

Жиында Марат Оспановтың жары Бақыт Оспанова сөз алып, азаматының алғашқы еңбек жолының іргелі оқу орнынан басталуы үлкен мәртебе екенін айтып, ақтөбеліктерге құрметі үшін алғысын білдірді.

Конференцияда академик Жақсылық Досқалиев өзі білім алған университетке Қазақстан картасының алтын үлгісін сыйлады.

— Адамгершілік, бауырмалдық, адамдардың  бірін-бірі сүюі, жақсы көруі секілді адам бойындағы ұлы қасиеттерді  осы университеттегі ұстаздарымнан үйрендім.  Ұстаздарыма алғысым шексіз. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген жақсы сөз бар. Оқытушылардан алған тәлім-тәрбие өмірімізге азық болды. Мен Ақтөбе медициналық университетінде білім алғанымды, жұмыс істегенімді мақтан етемін және мақтанышпен айтамын, — деген  Жақсылық Досқалиев алтын картаны оқу орнына сыйға тартты. Алтын сынамасы — 24 карат.

Жиын соңында университеттің оқытушылары оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгі, медаль және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Конференцияға қатысушылар білім беру процесін жаңғырту, жоғары білікті мамандарды даярлау, стратегиялық серіктестік сұрақтары бойынша пікір алмасуға мүмкіндік алды. Конференция шеңберінде Израиль, Ресей, Қырғызстан, Украина мен Литва хирургтерінің қатысуымен елуден аса шеберлік сабақтары өткізіліп, операциялар жасалады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.  

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті