Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Облыстың әрбір тұрғыны сезінуі тиіс жоба

Дата: 09 октября 2017 в 01:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

9 қазаннан бастап Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысын бастайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жобаны іске асыруға арналған мәжіліс  өтті.

Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында бір ай көлемінде мамандар тобы жұмыс жасайтын болады.  Әдеттегідей, халықпен жұмыс жасағанда маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу, діни экстремизмнің алдын алу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, сондай-ақ аймақтағы бизнес-ортаны дамыту басты назарда  болмақ.

Бердібек Сапарбаев «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аясындағы ақпараттық-түсіндірме топтарының қызметі  өткен жылы өзінің оң нәтижелерін бергенін атап өтті.

— Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылардың санын төмендетіп, тұтастай алғанда өңірдегі қылмыстарды азайттық. Бұл — ең бастысы. Біз жобаны жаңғыртып жатырмыз, осыған орай тиімді нәтижеге жету үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет, — деді облыс әкімі.

Жұмыс топтарының жетекшілері жоспарланған шаралар туралы хабарлады. Дін жолындағы жастармен, діни қауымдастықтармен және түрмеден босатылғандармен, жалпы саны 8 мың  адамды құрайтын осындай көпшілікпен 120 іс-шара өткізілетін болды. Негізінен, бұлар — қауымдастық және мақсатты кездесулер, семинарлар, мешіттерде өткізілетін лекциялар. Бұл шараларға 32 теолог қатыстырылады, оның 9-ы Астанадан шақырылды.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша Ақтөбе дәрігерлері 3 мыңнан астам адамға, соның ішінде 710 балаға дәрігерлік кеңес беріп, оқушыларды медициналық тексеруден өткізеді. Мұнымен берге, 200 ультрадыбыстық зерттеу жүргізеді және мобильді стоматологиялық қызметтер көрсетеді деп күтілуде. Еңбек ұжымдарында, мүгедектермен, аз қамтылған отбасылармен, шетелден келген қандастарымызбен, жұмыссыздармен кездесулерде еңбек заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түсіндіріледі. Сондай-ақ 180 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді тренингтерге жіберіледі.

Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік қолдау шараларына байланысты жастар үшін ауыл әкімідеріне арналған бас-аяғы 70-тің үстінде семинар-тренинг, дөңгелек үстелдер өткізетін болады. Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері бизнестің маңызды мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлермен жеке қабылдаулар, кездесулер ұйымдастырады. Сонымен қатар қаржы институттары 250 миллион теңгеден астам көлемдегі қаражатпен кемінде 60 жобаны қаржыландыруға дайын екендіктерін білдіріп отыр.

«Ақпараттық жұмыс» бағыты аясында 94 елді мекенде 4 топ жұмыс істейтін болды. Олардың құрамына «100 нақты қадам» ұлт жоспары, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ардагерлер ұйымдарының, зиялы қауымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың  және жастар бірлестіктерінің 40 өкілі кіреді.

Жергілікті халықпен және ірі компаниялардың 24 вахталық елді мекенінде еңбек ұжымдарымен кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмді болдырмауға бағытталған 30 бейнеролик көрсетіледі.

Сондай-ақ, аймақтағы жедел жағдайларды жақсарту бойынша тегеурінді шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты облыстың 35 мыңнан астам тұрғынын қамтитын 440 мақсатты іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

— Сайып келгенде, жоба халыққа барынша пайда әкелуі тиіс және оның оң әсерін  өңірдің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Нақты нәтижелер болуы керек. Біз халықтың проблемаларын шешуге тиіспіз, — деп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс топтарының жетекшілерінің алдына үлкен міндет қойды.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2016 жылдың күзінде Ақтөбе облысында алғаш рет Халық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге байланысты ауқымды жоба іске асырылды. Өңірге  Астанадан  230 маманнан тұратын ведомствоаралық топ келді.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті