Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Нұрлы жер»: екінші жоба қолға алынды

Дата: 11 октября 2017 в 02:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе қаласында мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. «Даму» қорының облыстық филиалы өкілдерінің сөзінше, қазіргі таңда өңірде «Жеке тұрғын үй құрылысын салуды дамыту» және «Тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі негізінде несиелік үйлер тұрғызу» екі бағыты бойынша жұмыстар қызу жүргізілуде.

— «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс компанияларын ынталандыру үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қарастырылған. Осы жылдан бастап бұл мақсатқа республикалық бюджеттен белгілі бір деңгейде қаражат бөлінді. Ал оның қаржы агенті «Даму» қоры болып  бекітілген.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласында осымен екінші жоба іске асырылды. «Хиба-Наз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігіне ие болды. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 14 пайыз болса, оның 7 пайызы «Даму» қорымен субсидияланады. Сол үшін «БанкЦентр Кредит» акционерлік қоғамында 195 миллион теңгеге несие желісі ашылды. Оның мерзімі — 2 жыл. Аталған қаражатқа құрылыс компаниясы Ақтөбеде аумағы 5121 м2 болатын 5 қабатты үйдің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.  Жаңа тұрғын үй кешені жылдың соңында пайдалануға берілмек, — дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының бас менеджері Әліби Сабыр.

Елбасы тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет «Нұрлы Жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған. 15 жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу. Жоба, сондай-ақ, жеке үй салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыруға бағдарланған. Ол үшін қолжетімді несиелік ресурстар енгізу жоспарланып отыр. Мемлекет екінші деңгейлі банктердің жаңа тұрғын үй салуға беретін несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялайды.

— Егер сіздің құрылыс компанияңыз әлі күнге дейін субсидия алмаса, біздің кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келуіңізге болады. Кеңесшілер «Нұрлы жер» бағдарламасы туралы, басқа да «Даму» қорының кәсіпкерлікке арналған бағдарламалары туралы жан-жақты мәлімет береді, — дейді Әліби Сабыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.   

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Читайте также