Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мақсат — жемқорлыққа жол бермеу

Дата: 11 октября 2017 в 02:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мақсат — жемқорлыққа жол бермеу

Ауданға арнайы іссапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қайыржан Тоқышев аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева, аудан прокуроры Әділбек Балғазин бастаған мобильдік топпен бірге Берсиев ауылдық округінде өткен жиынға қатынасып, түстен кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева алдымен жасалған жұмыстар мен атқарылуға тиіс шаруаларға тоқталды. Одан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Саян Сүлейменов жыл бойына ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жасалған жұмыстар туралы мәлімет берді. Ауданда құқықтық оқыту мектебі 2017 жылдың 13 қаңтарынан бері аудан әкімдігі жанынан өз қызметін жүзеге асырып келеді. Құқықтық оқыту мектебінің мақсаты — аудандағы жаңадан мемлекеттік қызметке тағайындалған және мамандығы бола тұра жұмыссыз жүрген жастарға мемлекеттік қызметке орналасуға бағыт-бағдар беріп, тәлімгерлікті қамтамасыз ету. Жыл басынан бері құқықтық оқыту мектебі әртүрлі 19 іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесі жастардың құқықтық сана-сезімі мен көзқарасын өзгерту, жаңа үрдістердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қалыптастыру, әсіресе азаматтарды құқықтық қатынастардың жаңа түрлеріне бейімдеуге ықпал ету қажеттігіне қол жеткізу болып отыр.

Басқосуда аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркебұлан Сембин мен ауыл шаруашылығы кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы Гүлнұр Меруенова мемлекеттік қызметті атқару кезіндегі жүктелетін жауапкершілік жөніндегі ойларымен бөлісті.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қайыржан Тоқышев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының негізгі бағыттарын баяндап, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметті дұрыс көрсетпегені үшін де шара алынатынын айта келіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да тиісінше қызмет көрсету керектігін түсіндірді. Сөз соңында Қайыржан Тоқышев заң талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертіп, аудан активіне табыстар тіледі.

М.ҚҰБАЕВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті