Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Талдықорғанда ІХ-Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

Дата: 13 октября 2017 в 10:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Екі жылда 1 рет еліміздегі оқу орындарының арасында өткізілетін бұл жарыс биыл 37 спорт түрін қамтып отыр, деп жазады zakon.kz.
Жалпы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университеті, Х.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, С.Аспандияров атындағы Семей медициналық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бекетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті т.б. секілді білім ордаларынан 22 команда Жетісуға ат басын бұра келді.


І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нен барлығы 178 білімгер бақ сынамақ. Олар: жағажай волейболы, самбо, еркін күрес, бокс, ауыр атлетика, дзюдо, регби, садақ ату түрлері бойынша күш сынайды.


Универсиаданың алғашқы күні еркін күрес бойынша өткен белдесумен өз шымылдығын ашты.


Оған еліміздің Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарынан 205 балуан қатысуда. Білім ордамыз самбодан әзірге ерлердің де, қыздардың да командасы 1 орынды, еркін күрестен ерлер командасы 2 орынды, қыздар командасы 3 орынды иеленуге қолжеткізді.


Ауыр атлетикадан Кристина Крахалева 63 кг салмақта 1 орынды, Александра Лачкова 2 орынды, ерлер арасында 62 кг салмақта 3 орынды иеленді. Жарыс жалғасуда.

По сообщению сайта Zakon.kz