Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Фестиваль жеңімпазы — Благодар ауылдық округі

Дата: 16 октября 2017 в 05:02

Кеше ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының кезекті салтанатты жабылуы өтті. Сондай-ақ  «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» атты селолық округтер арасындағы фестиваль қорытындыланды.

Саябаққа Қарғалы, Сазды, Қурайлы, Благодар, Жаңақоныс ауылдық округтері киіз үй тікті. Киіз үй іші ұлттық нақышта безендіріліп, ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойылды. Әжелер ұршық иіріп, жүн түтсе,  өнерлі қыз-жігіттер ән шырқады. Спорттық ойындар өтті. Қарғалы, Шалқар, Мұғалжар аудандары тұрғындарға тегін бауырсақ пен ұлттық сусындар таратты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов киіз үйлерді аралап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» атты фестиваль шілде айынан бастап өткізілген болатын. Ақтөбе қаласының маңындағы округтер белгіленген күндері қалаға келіп жәрмеңке өткізіп, концерт қойды. Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері арзан бағамен сатылды. Қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Спорттық ойындар өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараға барлық ауылдық округтер белсене қатысты. Сондай-ақ қазылар алқасы құрылып, жеңімпаз округтер анықталды.

Қорытынды кеште Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жиналғандарды құттықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

— Қала маңындағы бес ауылдық округ фестивальға белсене қатысты. Әр сенбі сайын қала жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізді. Осындай үлкен шаруаларды  ұйымдастыруға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын, — деді қала әкімі.

Фестивальдің  қорытындысы бойынша бірінші орынды Благодар ауылдық округі иеленді. Екінші орынды Қурайлы, үшінші орынды Сазды округі алды. Жеңімпаз окург әкімдеріне ақшалай сыйлықтар берілді.

— «Ауыл — еліміздң алтын қазынасы» атты фестивальға округ ерекше дайындалды. Шілде айынан бастап қалада әртүрлі шаралар өткіздік. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін әр сенбі сайын ұйымдастырдық. Округтегі 10 шаруа қожалығы өз өнімдерін әкелді. Оның ішінде «Izet Green House» серіктестігі мен «Ақшат», «Ақтөбе-жылыжай», «Алманов» шаруашылықтары бау-бақша және сүт өнімдерін әкелді. Қала базарынан төмен бағамен сатылды. Жұртышылық ризашылықпен сатып алып жатты. Сонымен қатар ауылдың өнерпаздары концерт ұйымдастырды. Өнерлі жастар көрме өткізді. Шараға мектеп ұжымдары белсене қатысты. Осының барлығын ауыл халқы ауызбіршілікпен атқарып шықты. Нәтижесінде бүгін жеңімпаз атандық, — дейді Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Дарин.

Саябақта ұйымдастырылған салтанатты кеште округтердің өнерпаздары ән шырқап, би биледі. Қала тұрғындары үйлеріне көтеріңкі көңіл күймен тарқады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті