Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: еліміздің басқа өңірлерінде Ақтөбедегідей салынып жатқан ірі құрылыстар жоқ

Дата: 16 октября 2017 в 05:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: еліміздің басқа өңірлерінде Ақтөбедегідей салынып жатқан ірі құрылыстар жоқ

Айдос КӨБЕТОВ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы фронт кеңсесінің вице-президенті:

 

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: тәжірибе және даму болашағы». Форум аясында өткен панельдік сессия тақырыбы осылай аталды. Шараға кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.  

Жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту жайы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы сөз болды.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы фронт кеңсесінің вице-президенті Айдос Көбетов кәсіпкерлерді тарту арқылы ел экономикасының дамуын арттыра түсу мақсатында іске асырылып жатқан игі жұмыстар жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында еліміз бойынша 400-ден астам жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Соның 91-іне келісімшарт жасалған. Бұл 91 жобаның жалпы құны — 80 миллиардқа жуық теңге.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаларды жоспарлау бірнеше сатыдан тұрады. Алдымен бизнес жоспар жасалады. Бұл құжат мемлекеттік сараптамадан өтеді. Содан кейін конкурсқа құжаттар дайындалады. Конкурстан өткен жобаға келісімшарт жасалады.

—  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Ақтөбе облысындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жұмыстарды жоғары бағалап, Ақтөбенің тәжірибесін өзге өңірлерге үлгі еткен болатын. Ақтөбенің басқа аймақтардан басты ерекшелігі —  Ақтөбедегі жобалар өте күрделі. Жалпы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын жобалар әртүрлі. Басқа өңірлердегі жобалардың саны көптеу болғанмен, қарапайым. Мысалы, техниканы сатып алып, оны қолданысқа беру де мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Ал Ақтөбе облысында мемлекетік-жекеменшік серіктестік аясында заман талабына сай еңселі ғимараттар салынып жатыр. Әзірге еліміздің басқа өңірлерінде Ақтөбедегідей салынып жатқан ірі құрылыстар жоқ. Бұл жөнінен Ақтөбе облысы көш басында тұр, — деді Айдос Көбетов. Оның айтуынша, біздің өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 61 жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Оның 8-і бойынша былтыр келісімшарт бекітілді. Қазірдің өзінде бұл жобалардың 3-еуі ел игілігі үшін  пайдалануға берілді. Биыл 9 жоба іріктеуден өтеді. Оларды іске асыру бойынша жұмыстар келесі жылдан бастап қолға алынады. Жалпы 61 жобаның құны — 29,5 миллиард теңге.

Жобалар негізінен әлеуметтік сала бойынша қолға алынып жатыр. Оның басым бөлігі — медицина саласын дамытуға бағытталған. Әсіресе, ауылдарда дәрігерлік амбулатория ашу бойынша жобалар көп.

— Өткен жылы Ақтөбеде 8 жоба бойынша келісімшарт жасалған болатын. Оның үшеуі ашылды. Қалғандары салынып жатыр. Бұл жобалардың қай-қайсысы да маңызды жоба. Мысалы, Батыс-2 ауданында заман талабына сай қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем бекетінің құрылысы жүргізілді.   Бұл бекетті пайдалануға берудің арқасында науқастар шұғыл әрі сапалы медициналық көмек ала алатын болады.

Сондай-ақ, облыс орталығы — Ақтөбе қаласында ашылатын «Көз жарығы» офтальмология орталығының еліміздің батыс аймағында баламасы жоқ. Сол себепті, онда тек қана ақтөбеліктер емес, сонымен бірге басқа да облыстардан келген науқастар ем қабылдайтын болады. Орталықтағы жоғары білікті мамандар көз ауруларының күрделі түрлерін емдеп, ота жасайды.

Мұз айдыны спорт кешені де осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. 2500 орынға арналған кешен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сай салауатты өмір салтын қалыптастыруда септігін тигізбек, — деді Айдос Көбетов.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекет үшін де, кәсіпкер үшін де өте тиімді.

— Мемлекетке берер пайдасы — бір мезгілде ауыртпалықтан босатады.   Мысаллы, бір облысқа бір жылда 10 балабақша қажет делік. Оны салу үшін  бюджеттен 8-10 миллиард теңге бөлу керек. Бұл — мемлекетке үлкен салмақ. Сол себепті, кәсіпкерлерді көмекке шақырамыз. Жобаны жүзеге асыру үшін жеке тарап ақша салады, кейін, белгілі мерзімде мемлекет кәсіпкердің қаржысын қайтарып береді. Келісімшарт мерзімі: 3 жылдан 5-10 жылға дейін. Кәсіпкер  құрылысты өз қаржысына салады. Бұл — құрылыс жұмыстары сапалы  болады деген сөз. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің кәсіпкер үшін тиімділігі —  мекемені кәсіпкердің өзі басқарады. Жоба бойынша ісін дамыту үшін мемлекеттік тапсырыс беріледі, — деді Айдос Көбетов.

Ал мемлекет тарапынан кәсіпкерлерден  халыққа сапалы қызмет көрсету және келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындау талап етіледі.

Жиын соңында кәсіпкерлер сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті