Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дәрігерге барған соң Астана тұрғынының тістері түсе бастаған

Дата: 17 октября 2017 в 09:19

Астана қаласының тұрғыны сот арқылы тістерін емдеу және протездеуге жұмсалған ақшасын сот арқылы қайтарып алып, сонымен қатар моральдық өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды sputniknews.kz, қалалық соттың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Істің материалы бойынша, 2017 жылы әйел адам қаладағы стоматологиялық клиникалардың біріне барады. Дәрігерлер тіс сауыттарды шешіп, емдеу жүргізіп, тістерді протездейді.
Емдеу және протездеу шаралары жасалған соң, ем қабылдаушы аурудың салдарынан тамақтана алмайды. Әйел адам дәрігерлерге қайта барған кезде, оған мұндай асқыну басылатынын айтады.
Алайда, тіс ауруы күшейіп, оған қоса емделушінің тістері түсе бастайды.
Әйел адам Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау департаментіне барып, тіс дәрігерлеріне қатысты шағым түсіреді.
«Астана қаласы Алматы аудандық соты емделушінің өтінішін қанағаттандырып, оның 1 миллион 60 мың көлемінде төленген ақшасын қайтарып, 150 мың теңге моральдық өтемақы өндіреді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Фото: sputniknews.kz

По сообщению сайта Zakon.kz