Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақмола облысында барымташылар жүздеген жылқыны айдап әкеткен

Дата: 17 октября 2017 в 12:09 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды облысында бес адам бір табын жылқыны ұрлап, Ақмола облысындағы бірнеше ауылға жасырған, деп хабарлайды sputniknews.kz, Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.
Тоғызыншы қазанда Қарағанды облысы Ахметауыл ауылының шопаны полицияға арыз беріп, белгісіз біреулердің 93 жылқыны ұрлап кеткенін айтқан.
«15 қазанда жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Ақмола облысының Аршалы ауданныда 35 және 49 жас аралығындағы бес күдікті ұсталды», — деп хабарлайды өңірлік баспасөз қызметі.
Күдіктілер ұрлаған малды Ақмола облысында бірнеше ауылда жасырып ұстапты.
«Полицейлер Жібек Жолы, Бұлақсай, Сарыоба ауылдарынан 73 жылқы тапты, сонымен бірге Шортанды ауданы Шортанды ауылынан да ұрланған мал табылған», — деп хабарлайды полиция.
Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторында отыр, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Фото: sputniknews.kz

По сообщению сайта Zakon.kz