Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ислам ұстанымы — рухани келісім

Дата: 17 октября 2017 в 21:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мұсылмандардың екінші халифасы Омар — ерекше әділдігімен танылған тарихи тұлға. 

Бірде Омар бин Хаттаб (р.а.) халифа Мәдине қаласының базарын аралап жүрген көрінеді. Ислам әлемі әміршісінің кенет қайыр тілеп отырған жат діндік қарияға көзі түседі. Қасына барып: «Уа, ақсақал! Сіз кім боласыз?», — деп жөн сұрайды. Қарт өзінің яһуди, яғни иудей дінін ұстанушы екенін айтады. Сонда халифа: «Уа, ақсақал! Сізге әділетсіздік жасаған екенбіз. Жас кезіңізде жизя салығын алдық. Ал қартайғаныңызда қараусыз қалдырыппыз», — деп, қартты үйіне алып келеді. Дастарқан жайып, тамақ ұсынады. Қонағының қарнын тойдырған соң, қазына үйінің қызметкерін шақыртып, қарияға және сол секілді мүсәпірлерге бір айлық жәрдем белгілеп, ай сайын беріп отыруды тапсырады.

Міне, рухани кемелдік! Исламның ұстанымы осы. Адам баласы қай дінде болса да, ол ең бірінші адам екенін ұмытпаған жөн. Намаз оқу былай тұрсын, мұсылман емес кісінің өзіне адамилық қарым-қатынас жасау — имандылықтың басты белгісі. Ал оның діні мен ұстанымын Жаратушы Иеге тапсырған дұрыс.

Кешегі кеңес заманында да ата-әжелеріміз үкіметтің көші-қон саясатына байланысты қазақ жеріне бас сауғалап келген сан ұлт өкілдеріне нақ сондай рухани ұстаныммен қамқорлық танытты, оларды өгейсіткен жоқ, барымен бөлісті. Мемлекетіміздің бүгінгі сарабдал саясаты да осы сипатта. Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Көшбасшымыз конфессиялар арасындағы ортақ келісімді қолдайды. Ол бекіткен Рухани келісім күні де — соның айғағы.

Өкініштісі, бүгінде сол келісімге сызат түсіргісі келетіндер бар. Ондайларды, әсіресе, дінді келте түсінетіндердің арасынан кезіктіреміз. Өз ата-анасын кәпірге шығаратын шала сауаттылар өзге ұлт өкілдерін тіптен мойындамайды. Көрген жерінде құрметсіздік танытады. Дін бұған рұқсат еткен дейтіндерін қайтерсің?! Бұл — жалған. Исламда ешқашан өктемдікке жол берілмеген. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде: «Кімде-кім муғаһидке (өзге дін өкілі) зұлымдық етсе немесе ар-намысына тисе, немесе шамасынан тыс міндет жүктесе, немесе ризашылығынсыз бір нәрсесін алған болса, қиямет күні мен зәбір шегушінің қорғаушысы боламын», — деген (Әбу Дәуіт). Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі діні өзгенің құқығын қорғаған. Қияметте қорған болатындығын ескерткен. Талай діні бөлектермен бітімге келгендігі де тарихтан белгілі. Мәселен, меккелік құрайыштықтармен жасасқан Худайбия келісімі, Мәдинадағы еврей тайпаларымен бітімгершілікте болу туралы мәміле, т.б.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) маңайында көптеген екіжүзді мұнафиқтар болды. Ол кісі мұны білсе де, жұртқа оларды әшкере етпеді. Өйткені жамандыққа жақсылықпен жауап бере білу — рухани кемелдікке жеткен тұлғаға тән қасиет. Тіпті мұнафиқтардың ішінде ең беделдісі қайтыс болғанда кебіндеу үшін өз жейдесін бергендігі де тарихта айтылады. Себебі, мұсылман қашанда мейірімді болуға бұйырылған.

Ислам әлемімен қоса батыс өркениеті де тәліміне бас иетін бірегей тұлға Хазреті Мәулананың: «Кел, кел, кім болсаң да кел, мүшрик, мәжуси, пұтқа табынушы болсаң да, кел! Біздің медресе үмітсіздік медресесі емес. Тәубеңді жүз рет бұзған болсаң да, кел», — деген терең мағыналы сөздеріне зер салып көрейікші. Бұл сөздерден адамды дініне қарай бөлу дұрыс емес екенін аңғаруға болады. Сонымен бірге, әр дінді ұстанушыға ең бірінші адам ретінде үн қатуда. Адам дінсіз болса немесе басқа дін өкілі болса, бұл оны қаралауға немесе оқшаулауға себеп емес. Ең бастысы, шаңырақ иесінің үй ішіндегі қағидасына құрметпен қарап, қастерлеуіне орай жауап қату керек.

 Төлеби ОСПАН, 

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы

бойынша өкіл имамы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті