Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе қысқы маусымға дайын

Дата: 17 октября 2017 в 21:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе қысқы маусымға дайын

«Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов баспасөз кеңесін өткізді.

Басқарма басшысы тоғыз ай ішінде атқарылған жұмысты қорытындылады. Облыс аумағындағы елді мекендерді  газ, су және электр энергиясымен жабдықтау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Мәселен, биыл облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жалпы құны 1 032 517 миллион теңгеге 7 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде Шалқар ауданының Байқадам, Шетырғыз ауылдары мен Қарғалыда —  Жосалы, Кемпірсай,  Әйтеке биде —   Аралтөбе және Мәртөк ауданында Қазан ауылдарына газ кіргізу үшін құбыр тартылып, газ тартқыш желілерді орнату жұмыстары жүрді. Нәтижесінде маусым айында Мәртөктің Қазан ауылында ауылішілік газтартқыш желісі, Шалқардың Байқадам ауылында жеткізуші газ құбыры іске қосылды. Жыл соңына дейін төрт газбен жабдықтау құрылысы іске қосылады. Олар — Жосалы, Кемпірсай, Шетырғыз, Байқадам.

Дастан Амановтың айтуынша, облыс елді мекендерінің 45,9 пайыздан астамы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Қала маңындағы ауылдар 100 пайыз орталықтандырылған су жүйсіне қосылып тұр.

Сондай-ақ биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 2,3 миллиард теңгеге 10 жоба жүзеге асырылған. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында құны 3,4 миллиард теңге болатын 20 жоба іске асырылмақ.

Басқарма басшысы облыстың жылу жүйелеріне қатысты да атқарылған шаруаларға кеңінен тоқталды. Облыстық бюджеттен бөлінген 27,8 миллион теңгеге 10 құрылыстың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Ал Ақтөбе қаласының жылу жүйесін жаңарту үшін 2015 жылы  «Трансэнерго» АҚ мен «Еуропалық қайта құру және даму» банкінің арасында құны 3,1 миллиард теңге болатын несиелік шарт жасалған. Бұл қаражатқа 7,2 шақырым жылу желілері жөнделеді.  Келісім аясында 2017-2018 жылдары 11 жоба іске асырылады.

Дастан Аманов облыста энергия тапшылығы жоқ екенін айтты. Тозығы жеткен энергия желілерін жөндеу үшін «Энергосистема» ЖШС инвестициялық бағдарлама шеңберінде жалпы құны 391,3 миллион теңге болатын 972,81 шақырым электр желісін және трансформаторлар  мен кернеулік желілерге жөндеу жүргізеді.

Сондай-ақ, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданын электр энергиясымен қамту үшін үш жоба жүзеге асырылмақ.

— Жалпы құны 3,5 миллиард теңге болатын үш жоба келер жылы аяқталады. Осы жобалар іске қосылғанда бұл ауданда электр тапшылығы болмайды, — деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ қысқы жылу маусымына барлық мекемелер мен тұрғын үйлер сақадай сай екенін мәлімдеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті