Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: сан мен сапа

Дата: 17 октября 2017 в 21:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: сан мен сапа

«Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Сания Қалдығұлова төрағалық еткен бұл жиынға барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдары департаменттерінің, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері аппараттарының  басшылары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Партиялық тыңдауда «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстары қаралды.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Жұмамұрат Алдашев хабарлама жасады.

— Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, республика бойынша 721 мемлекеттік қызмет, оның 191 түрі облыстың жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетіледі. 2017 жылдың тоғыз айы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары 3 миллионнан астам қызмет көрсетті, — деп мәлімдеді хабарламашы.

Бұдан кейін ол мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі төрт көрсеткішіне — баламалы негізде, мемлекеттік корпорация арқылы, мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің сақталуына  талдау жасап, бұл ыңғайдағы жетістіктер мен кейбір орын алған кемшіліктерді ортаға салды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер денсаулық сақтау, білім басқармаларында, Шалқар, Байғанин аудандарында  төмен болып отырғанына нақты деректер келтірді.

Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышев жасаған хабарламасында аталған заң талаптарының бүгінгі таңдағы орындалу жайына кеңірек тоқталды. Облыс аумағы бойынша 361 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетінін, оның ішінде 191 мемлекеттік қызмет түрі жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асатынын айтты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аталған органдардың бәрі бірдей мінсіз орындап отырмағанына нақты фактілер келтірді. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі ең көп заңбұзушылықтарды әңгімелеп, мұндай кемшіліктердің, әсіресе, Мәртөк, Әйтеке би аудандарында жиі орын алып отырғанын атады. Заңбұзушылықтар бұл аудандардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары салаларында жиі байқалады екен.

Мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясының жетекшісі, партияның сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша партиялық кураторы Аманкелді Есіркепов мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей жүзеге асыратын органдардың, оның ішінде халыққа қызмет көрсету сынды мекемелердің жұмысына жасалған рейдтердің нәтижелерін баяндады. Кей жағдайда бұл орындарда халықтың орынсыз кезек күтетінін, тіпті оларды қабылдайтын қызметкерлердің болмай қалатын жағдайларын сынады.

Партиялық тыңдауға қатысушылар сыбайлас жемқорлықты болдырмауға қоғамды тарту, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде әкімшілік кедергілерді жою, олардың орын алу себептері мен жағдайларына үңілу қажеттігін атап көрсетті.

Партиялық тыңдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тиісінше жүзеге асырмай, елеулі кемшіліктерге жол беріп отырған аудандардың әкімдерінің орынбасарларынан жауап сұралды.

Жиынға қатысқан облыстық мәслихаттың депутаттары мемлекеттік органдардың басшыларының хабарламаларын тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, пікір алмасты, өздерінің ұсыныстары мен ескертпелерін айтты, тиісті ұсыныстар енгізді.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті