Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылордада зағиптар тұратын көпқабатты үйде екі жылдан бері жылу жоқ

Дата: 19 октября 2017 в 17:09 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қызылордада зағиптар тұратын көпқабатты үй екінші жыл қатарынан жылусыз қалуы мүмкін. Елу жылдан бері жөндеу көрмеген үйдің жылу жүйелері тозып, шатырынан су кетіп тұр, деп жазады Астана телеарнасы.
Тұрғындар болса коммуналдық қызмет үшін ақыны уақытылы төлеп отырғанын алға тартты. Қырық пәтерлі үйдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар баспанамыз тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына енгізілсе дейді. Шұрық-тесік шатыр, тозған жылу жүйесі, қоқысқа толған аула. Бұл көпқабатты үйде тұратын жандар «зағиптар ақыры көрмейді дей ме, көршілеріміз барлық қоқысын бізге қарай лақтырып кетеді» деп күйінеді. Бірақ баспаналарын барынша күтіп ұстауға тырысқанымен, бес қабатты ғимарат күрделі жөндеуге зәру. Қалталары жұқа, көбісі жәрдемақыға әзер күнелтіп отырған зағиптар үмітіміз үкіметте дейді.
Ертай Әбимолда, 1 топ мүгедегі:
Облыс әкімінің орынбасары қабылдады да, қалалық әкімге жібердім деді. Қалалық әкімінен ертеніне хат келді ЖКХ-ға жібердік деді. ЖКХ КСКменен бірлесе отырып, істеңіздер дейді. КСКнын айтуы бойынша, біз 200-250-ден ақша жинауымыз керек. Біздің негізгі адамдарымыз жәрдемақымен отырған ғой, ол суырып беретін 200-250 мың ақшаны қай жақтан табамыз.
Жоғарғы қабаттағы пәтерлер суық күндері қар мен жаңбырдан зардап шегеді. Тұрғындардын айтуынша, қыста пәтерлері мұзға қатып, жаздай маса мазалайды.
Нафиса Дәрібай, 1 топ мүгедегі:
Орталықтағы бір үй ғой зағиптар тұратын. Былтырдан бері жылу жоқ, былтыр үсіп отырдық. Биыл әлі жылу берген жоқ. Қарыз жоқ ешқандай, суға да, светке де, жылуға да. Жылу жоқ болса да, біз төлеп келдік былтыр. Жанғыртуға өткізсе бізді келесі жылы — сол арманымыз.
Ал мамандардын айтуынша, тұрғындар осы уақытқа дейің кондоминиум құрып, құжаттарын әзірлемеген. Сондықтан жанғырту бағдарламасына ілінбей келеді.
Біржан Далабаев, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары:
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жаңғырту бағдарламасына қосуға қазіргі таңда бірден-бір кедергі болып отырған аталған көп қабатты үйдің кондоминиум құжаттары әзірленбеген себебінен және ол оның мемлекеттік тіркеуден өткізбеуі болып отыр. Алдағы уақытта осы аталған үйдің толық құжаттары әзірленгеннен кейің тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келісім хаттамалары толтырылатын болады.
Маманның айтуынша, содан кейін барып жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Ал синоптиктер болжамы бойынша, алдағы қыс барынша қатал болатын түрі бар. Тозып кеткен жылу жүйесінің тұрғындарға ол кезде пайдасы бола қоймасы анық. Жағдайы барлары мықты жылытқыштар сатып алар, қалғандарына шыдап, төзуден басқа амал жоқ.
Шарипа Сақтапова
Фото: 24.kz

По сообщению сайта Zakon.kz