Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ауыл күні: жәрмеңке, өнер, марапат

Дата: 19 октября 2017 в 20:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ауыл күні: жәрмеңке, өнер, марапат

Кемпірсай ауылдық округі аудан орталығында өткен Ауыл күнінде ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, округтен келген өзге ұлт өкілдері өнер көрсетті.

Бадамша ауылындағы «Радуга», «Идеал» дүкендерінің маңына сауда сөрелері орналастырылып, округтен келген шаруалар өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағаға ұсынды.

Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Жоныс Үкібаев атындағы көшеге ауыл тұрғындары киіз үй тігіп, кітапханашылар ауыл тарихын бейнелейтін «Жүрегімде туған жер» атты көрме өткізді. Киіз үйлерде аудан тұрғындарына ыстық шай мен ауылдың дәмі ұсынылып, Жоныс Үкібаевтың көше басындағы естелік тақтасына гүл шоқтары қойылды.

Шарада ауылдың өркендеуіне үлес қосып жүрген «Жосалы Агро», «Кудря», «Филатово» сияқты шаруашылық қожалықтарының жетістіктері айтылып, округте тұратын 8 ұлттың өкілі ортада би билеп, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Блиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының орынбасары Сапарбек Аманжолов қатысып, көпшілікпен бірге ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалап, өз ризашылықтарын білдірді.

Шара барысында Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Асхат Айжарықов көшенің тұрғындарын марапаттап, сый-сияпаттар табыстады. Атап айтсақ, Ж.Үкібаев көшесінің 84 жастағы ақсақалы Жаманқұл Мыңбаев «Көшенің ең қарт тұрғыны» атанса, Любовь Удотт «Көшенің ең кішкентай тұрғыны» атағын иеленді. Сондай-ақ шарада ауданда ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Байбосын Ешпанов, туған күні Ауыл күнімен сәйкес келген көше тұрғыны Сайлан Юсупова, «Көшедегі ең әдемі үй» номинациясының иегері Рахила Гусмановаларға сый-сияпаттар табысталды.

Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Асхат Айжарықов шараның өтуіне демеушілік көрсеткен «Радуга», «Идеал» дүкендерінің басшыларын да марапаттады.

Ауыл күнінде бадамшалықтар қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты спорт түрлеріне сынға түсті.

                                 Бақыт Имашев,

Қарғалы ауданы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті