Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Енді коммуналдық төлемдер бір түбіртекпен төленеді

Дата: 25 октября 2017 в 00:22

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Халықтық кеңсенің» қызметі жөнінде облыс әкімі Б.Сапарбаевқа, ҚР Бас прокурорының орынбасары А.Лукинге, «Заңсыз мұнай мен газ айналымына қарсы күрес мәселелері» аймақаралық форум қонақтарына ақпарат берді.

Форум шеңберінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Қазпошта» АҚ бірлесіп іске қосқан «Бірыңғай төлем құжаты» және «Ғимараттар сайты» жобалары таныстырылды.

«Ғимараттар сайты» — еліміз үшін жаңа жоба. Енді әрбір үйдің өз сайты бар, онда сол үй бойынша төмендегідей ақпараттар жинақталады:

* Негізгі әлеуметтік маңызды объектілердің байланыс деректері (ауруханалар, мектептер, балабақшалар);

* Жергілікті полиция қызметін қоса алғанда, барлық қызмет көрсетуші компаниялардың байланыс деректері;

* Тұрғындардың чаттары;

* Әкімдік пен ПИК хабарландырулары.

Тұрғындар өз ПИК есептілігін көруге және ПИК қызметтері үшін берілген төлемдерінің қалай жұмсалғанын білуге мүмкіндік алады, сондай-ақ ПИК және әкімдікке электрондық түрде өтінішін жолдай алады. Болашақта жақын маңдағы қонақүйлер, аялдамалар мен автобус маршруттары жөніндегі ақпараттарды көрсететін сервистерді кеңейту жоспарланды.

Тұрғын үйлер мен ғимараттардың сайты төмендегідей жаңа пошта индекстері негізінде құрылған:

https://жаңа-индекс-ғимарат.post.kz/ (мысал – https://d03b1t4.post.kz).

Өзі тұратын үйдің сайтына кіру үшін тұрғындар мынадай іс-әрекеттерді орындауы қажет:

* www.post.kz сайтына кіру;

* «Жаңа пошталық индекстер» сілтемесін басу;

* Іздеу жолына үйдің мекенжайын енгізу;

* «Ғимараттар сайтын ашу» сілтемесін басу;

* Тегін тіркелу/авторизациядан өту;

* Таңдалған мекенжайда тұратындығын растау («Тұрғын рөлін алу» дегенді басу).

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының көптеген ғимараттарына аншлагтар шығарылған (мекенжайы, жаңа индексі көрсетілген тақташалар, QR ғимарат коды).

QR кодын ұялы телефон арқылы сканерлеп, таңдаған ғимарат сайтына бірден кіруіңізге болады.

Бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық қызметтерді төлеу — «Ғимараттар сайты» құраушыларының бірі.

«Бірыңғай төлем құжаты» жобасы бұдан бұрын қала әкімінің ПИК және жаңа жүйеге қосылуды ұсынған кондоминиумдармен кездесуінде таныстырылған болатын.

Е-сервистер департаментінің директоры Сүйеніш Әбдильдиннің айтуынша, бұл жүйе Ақтөбе тұрғындары үшін бірқатар маңызды пайда әкелмек.

Абоненттер әр компаниядан әртүрлі уақытта бірнеше түбіртек алмайды, оның орнына бар болғаны бір құжат беріледі, сондай-ақ комиссиялық ақы да бір түбіртек үшін төленеді, осылайша берешекті төлеуде ақшамыз бен уақытымыз үнемделеді. Өз кезегінде коммуналдық қызметтердің шот-хабарламаларды жасауға, басып шығаруға, жеткізуге және көптеген процестерді сүйемелдеуге жұмсалатын шығындары азаяды.

Жоба қаланың басты бөлігінде іске қосылды. Жоба қаланы толықтай жақын арада қамтымақ. Бірыңғай түбіртекте қаланың негізгі коммуналдық қызметтері бойынша берешектер топтастырылған, алдағы уақытта қалған қызметтерді де қосу жоспарланып отыр. «Қазпошта» бөлімшелерінде төлегендер үшін комиссия — 150 теңге, ал зейнеткерлерге — 50 теңге.

Бірыңғай түбіртек бойынша коммуналдық төлемдерді «Қазпошта» бөлімшелерінде, post.kz(комиссиясыз) порталы және «Kaspi Bank» сервистері арқылы төлеуге болады.

Төлемдер мен берешектер жөніндегі барлық ақпарат ғимараттар сайтына түсіп отырады, бұл тұрғындардың өз берешектері мен барлық төлемдерінің тарихын онлайн режимде көріп отыруына мүмкіндік береді.

 Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты.

www.akt.kz

«Қазпошта» АҚ

Тел: +7 71712 611-699 (ішкі 1020),

+77017726802 (Сәуле Мұқашева)

www.post.kz

 

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті