Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жат ағымдар зияны талқыланды

Дата: 26 октября 2017 в 22:42

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағыты, яғни дін саласы бойынша облыстық дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық  талдау  орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменовтің жетекшілігімен ақпараттық топ Қарғалы ауданын аралады.

Топ құрамындағы облыстық  дін істері басқармасы басшысының орынбасары Сәбит Мұханов, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Нұрбол Смағұлов, Ақтөбе қалалық мешітінің  бас имамы Амантай Садиев, Жаңақоныс ауылдық мектебі  тарих пәнінің мұғалімі Жарас Әлиев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдымен топ мүшелері Желтау ауылдық округін аралады. Петропавл орта мектебінде жастарды жат ағымдардан сақтандыруға арналған ашық сабақ өтті. Ауылдық клубта ауыл тұрғындарымен «Жат ағым орға жығады» атты кездесу ұйымдастырылды. Тұрғындар сұрақтар қойды. Сондай-ақ Қосестек ауылдық Мәдениет үйінде топ мүшелері ауыл ақсақалдарымен кездесті. Ауылдарды аралап болған соң ақпараттық топ мүшелері  Бадамшада түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде негізгі  салт-дәстүр, діни рәсімдер, жаназа шығару,  теріс ағымдардан   жастарды сақтандыру жолдары әңгіме өзегі болды. Сондай-ақ бейне көріністер арқылы жат ағымдардың зияны мен одан бойды қалай аулақ ұстау керектігі айтылды. Жадынамалар таратылды. Кездесудің соңында топ мүшелері тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Жиылғандар арасынан сөз алған Сүлеймен Омаров пен Бадамша мешітінің бас имамы Абуғали Айтжанов ақпараттық топтың жұмыстарына  ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ топ мүшелері мешітке барып, намазға жиналған жұртшылықпен жүздесті. Ақпараттық топ мүшелері екі күн ішінде ауданның Велихов, Степной  ауылдық округтеріне де  барды.

Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті