Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұржан Керменбаев «Қара бала» атауын брендке айналдырмақ

Дата: 01 ноября 2017 в 14:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Капкарашкадан Қара балаға дейін! Иә, алғашқыда Капкарашка есімімен танылған Нұржан бүгінде бұл никнеймнен бас тартқан. Себебі әнші ел ағасына айналған күні өз есімінен ұялғысы келмейді. Есесіне Қара бала атауы Нұржанның құлағына майдай жағады, деп жазады Stan.kz.
Әнші желідегі әр постын Қара баланың атынан белгілейді. Бұл атқа үйренісіп қалғаны соншалық, Керменбаев «Қара бала» деген жазуы бар бас киімдер жасатып, киіп жүр. Ол қайда барса да, өз «есімі» жазылған бас киімді тастамайтын болған. Ал алдағы уақытта Нұржан бұл атауды брендке, яғни жеке табыс көзіне айналдырмақ.


Бұл туралы Нұржан Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.
«Басымдағы кепка жарнама емес, брендке жақын дүние. Яғни әлі бренд қылған жоқпыз, бірақ ниеттеніп жүрміз», – деген Нұржан жаңа істі қолға алу үшін уақыт пен жауапкершілік керек екенін атап өтті.
«Арнайы тапсырыс берейін деп жатырмыз. Алғашқы топтамасын шығарамыз. Егер өтімді, халыққа ұнамды болса, неге әрі қарай айналыспасқа? Тек қана қара бала емес қара қыздарға да арнап шығарғым келеді. Әзірше ойластырғанымыз футболка мен осындай кепкалар», – деп атап өтті Нұржан.


Керменбаевтың сөзіне сенсек, стильді бас киімдерді қара қыздар киюден қымсынбайды.
«Қазақтың қарапайым қара қыздары көп шығар деп ойлаймын. Дизайнын әдемілеп жасасаң, неге кимеске? Өзімнің қарындастарым да киетін еді деп ойлаймын», – деп түсіндірді Керменбаев.
Фото: Stan.kz.

По сообщению сайта Zakon.kz