Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек

Дата: 02 ноября 2017 в 13:29

Бұдан былай елімізде бала асырап алу жолы жеңілдей түспек. Тың бастаманы прокурорлардың өздері мықтап қолға алмақ, — деп хабарлайды Алматы арнасы.
Осы ретте Талғар ауданының құзырлылары перзентханадағы тастанды балаларды жетімдер үйіне жібермей, бірден ата-ана қолына табыстауда.
Бүлдіршін әуелі қамқорлыққа беріледі, ал жарты жылдан соң оны толық асырап алуға мүмкіндік бар. Жаңа жоба аясында талайдан бері балаға кезекте тұрған қос отбасы шақалақты бауырына басып үлгерді.
Сәбидің дауысын сағынып, тағаты таусылған Жанар бұл күнді асыға күтті. Ол тездетіп баласын бауырына басуды арман етуде. 10 жыл бұрын тұрмыс құрған келіншек осы күнге дейін құрсақ көтере алмапты. Перзентке зар болған жас отбасылардың емделіп жүріп баспаған тауы, бармаған жері қалмаған. Ақыры тастанды шақалақты бауырына басуды жөн көреді. Дегенмен, бір сәтте ойға оралған іс 2 жыл дегенде әрең бітті. Біреудің жаһанғы сыйғыза алмаған сәбиі жатырына бала бітпеген ананың құшағынан бірақ шықты.
Бұл шақалақты туған анасы ай басында перзентханаға туа сала тастап кеткен. Безбүйрек ана тіпті баладан үзілді-кесілді бас тарту туралы арыз да қалдырыпты. Жарық дүниеге келмей жатып тағдыры тәлкекке түскен бөбекті Жанар жұбайы екеуі жетімдер үйіне жеткізбей, өз қамқорлықтарына алып отыр.
«Қуанып жатырмын. Қуанғаннан жылап та тұрмын. Бүгіннен бастап ана боламын. Өз баламдай көріп, тәрбиелеймін. Туған үлкен ұлым болады», – деді Жанар.
Жанар сынды Алтынай да бір перзентке зар болған. Осыдан 16 жыл бұрын дүниеге ұл әкелген келіншектің тағдырына екінші мәрте құрсақ көтеру бұйырмапты. Екіншісін аңсаған Алтынай 3 рет жасанды жолмен ұрықтандыру да жасап көреді. Алайда, бар талпынысы еш кеткен. Ол да 1 жарым жыл кезекте тұрып, безбүйрек ана бас тартқан бүлдіршінді бауырына басты.
«Қуанышым шексіз, жылап та алғым келіп тұр. Өз-өзімді әрең ұстап тұрмын. Шын айтамын, қуанғаным соншалықты. Өйткені, қанша қиналдым, экоға да бардым. Былай да тырыстық. Қанша операциядан өттім. Бірақ барлығы сәтсіз болғаннан кейін, ылғи да экоға барасың болмағаннан кейін жылайсың. Енді бүгінгі сезімді, қуанышымды айтып жетізе алмаймын», – деді Алтынай.
Тастанды балаларды ата-анасы перзетханадан үйлеріне алып кетті. Мұндай оқиға елімізде алғаш болып отыр екен. Өйткені, заң бойынша анасы перзентханада бас тартқан балалар, бір ай бойы дәрігерлердің бақылауында болукы тиіс. Кейін олар жетімдер үйіне жіберіліп, әрмен қарай олар туралы ақпарат арнайы базаға енгізіледі. Десе де, мұндай ұзақ рәсімді жеңілдетудің Талғар ауданының прокурорлары қолға алған. Қос ананы бала сүю бақытына бөлеген құзырлылар «Жетім балалар үйінсіз Жетісу» жобасын жүзеге асыруда. Басты мақсат – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тәрбиеленуіне мүмкіндік беру. Әрі, жетімдер үйіндегі бүлдіршіндердің санын азайту.
«Бала асырап алғысы келетін отбасылардың барлығы құжат рәсімдеу мәселесі ұзақ уақыт алады деп шағымданады. Сондықтан біз бұл жолды жеңілдетуді қолға алдық. Ата-ананың құжат рәсімдеу мерзімін тездетіп, екі тастанды баланы жетімдер үйіне өткізбестен бірден кезекте тұрғандарға қамқорлыққа бердік. Енді ол отбасылар жарты жыл көлемінде біздің бақылауымызда болады. Егер сәтті болып, ең бастысы баланың жағдайы жақсы болса, әрмен қарай сәбиді сол отбасыға асырауға беру жағын қарастырамыз», – деді Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры Бақұстар Қыдырбаев.
Құзырлылар қолға алған тың жобаға қызығушылық зор екен. Бүгінде Талғар ауданында 28 отбасы аталмыш жоба аясында бала асырап алуға ниеттеніп отыр. Жоба тиімділігін көрсетсе, олардың саны арта түспек. Айта кетсек, қазір елімізде 27 мыңға жуық жетім бала болса, тек 3000-ға тарта отбасы бала асырап алуға кезекте тұр.
Фото: Stan.kz.

По сообщению сайта Zakon.kz