Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еркектер әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді – ДСМ

Дата: 02 ноября 2017 в 17:49 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден гөрі 9 жыл аз өмір сүреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту» республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова айтты, — деп хабарлайды Baq.kz.
«Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басты мақсаты — Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру. Өкінішке қарай, Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8 жарым жылға қысқа. Қазақстанда орташа есеппен адам 72 жас өмір сүрсе, Еуропада бұл көрсеткіш 80,6 жасты құрайды. Енді еркектер мен әйелдердің арасын өмір сүру ұзақтығын салыстырайық. Қазақстанда еркектер әйелдерден гөрі 9 жылға аз өмір сүреді. Қазақстанда еркектердің орташа өмір сүру жасы 67,5 жас болса, әйелдердің жасы 76,5 жас», — дейді директор.
Осы орайда Айнұр Айыпханова еркектердің әйелдерден не себепті аз өмір сүретінін айтты.
«Олар қант диабеті, қан қысымы, созылмалы аурулар сынды адамның өміріне қауіп төндіретін негізгі сырқаттарға жиі ұшырайды. Оған қоса Қазақстанда 15-29 жас аралығындағы ер азаматтар жол апатына жиі ұшырап, суицид кеселінен өмірден өтетіндіктен, Қазақстандағы еркектердің жалпы өмір сұру ұзақтығы қысқа болып отыр», — дейді ол.
Фото: baq.kz

По сообщению сайта Zakon.kz