Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жыл басынан бері Астанадағы балалар үйіне 16 тастанды бала түскен

Дата: 10 ноября 2017 в 16:09 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада жетімдер үйіндегі тәрбиеленушілердің саны азайған. Ағымдағы жылдың басынан бері ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 16 бала Астанадағы балалар үйіне қабылданған. Бұл туралы Астана әкімдігінің кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы директорының орынбасары Айгүл Болатхан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бұл балаларды отбасына қайтару мүмкін болмады. Себебі олардың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылды, ал кәмелетке толмаған балаларды туыстары қамқорлыққа ала алмады», — деді А.Болатхан Астана қаласы әкімдігінің сайтына берген сұхбатында.
Жыл басынан бері бейімдеу орталығына 700-ге жуық бала түсті. Олар қадағалау-қараусыз, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және үлкендер тарапынан зардап шеккен балалар.
3 жастан 18 жас аралығындағы жасөспірімдер аталған орталықта үш айға дейін болады. Осы аралықта баланы ата-анасына қайтару немесе интернаттық мекемеге жіберу туралы шешім қабылданады.
Бейімдеу орталығында балалардың білікті психологиялық, медициналық және құқықтық көмек пен бес мезгіл тамақтану мен білім алу мүмкіндігі бар.
«Қазіргі уақытта орталықта 25 кәмелетке толмаған бала бар. Жыл сайын орта есеппен бізге бір мыңға жуық бала түседі. Көбіне берекесіз немесе толыққанды емес отбасының балалары түседі. Олар ата-ана тарапынан қажетті ықылас пен мейірімді көрмейді», — дейді А.Болатхан.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстан астанасында балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің азаю үрдісі байқалады. 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272-ге азайған.
Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбекақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі.
Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.
Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады.
Фото: Crime-ua.com

По сообщению сайта Zakon.kz