Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

16 шақырымдық жол келер жылы аяқталады

Дата: 15 ноября 2017 в 02:22

Ақтөбе-Атырау бағытындағы тасжолдың Байғанин ауданы аумағындағы 16 шақырымы жөндеуден өткізіліп, биыл қарашада пайдалануға беру жоспарланған еді. Алайда техникалық себептер мен ауа райының қолайсыздығы жол жөндеу жұмыстарына кедергі келтірген. Енді бұл аралықтағы жол құрылысын салу мерзімі келер жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте Байғанин ауданы әкімінің міндетін атқарушы Базарбек Боранбай мәлімдеді.

Журналистер алдында Байғанин ауданының биыл он айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берген Б.Боранбай сөз басында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген міндеттер тиімді істерге мұрындық болғанын айтты. Сондай-ақ, ол Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіруге басымдық берілгені, бұл ретте ауданда нақты жұмыстардың қолға алынғанын атап өтті.

Оның айтуынша, ауданның он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында нақты нәтижеге қол жеткізілген. Атап айтқанда, аудан бюджетінің орындалуы әрі бюджет қаржысының игерілуі — 100 пайыз.

— Өнеркәсіп саласының негізін аудан территориясында өндіріліп жатқан мұнай өнімдері құрайды. Он айдың мәліметі бойынша 113,8 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, экономика саласына 24,7 миллиард теңгеге инвестиция тартылды. Облыс әкімдігі мен «Газ Процессинг Компании» кәсіпорны арасындағы меморандумға сәйкес, құны 21 миллиард теңге болатын газ өңдеу зауытын салу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары келер жылдың соңында аяқталады, — деді Б.Боранбай.

Ауданның құрылыс, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында да есепті мерзім ішінде айтарлықтай жұмыстар атқарылған. Бүгінгі күні аудан халқының 59,7 пайызы сапалы ауызсумен қамтылған. Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында 2017-2018 жылдары 4 елді мекенді ауызсумен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 989,4 млн теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа Ебейті, Жарқамыс, Кемерши және Миялы елді мекендеріне су желілері жүргізілмек. Ал Бұлақтыкөл елді мекеніндегі су сапасын жақсарту мақсатында аудандық бюджеттен 19,9 млн теңге бөлініп, су тұшыту қондырғысы орнатылыпты.

— Аудан халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету көрсеткіші — 44,5 пайыз. 2018-2019 жылдары ауданның 4 елді мекенін, яғни Жарлы, Кемерши, Бұлақтыкөл және Жаңатаң ауылдарына газ тарту жұмыстары жоспарланып, бұл республикалық бюджеттік комиссияда мақұлданды, — деді Б.Боранбай.

Брифингте журналистер тарапынан қойылған Ақтөбе-Атырау бағытындағы тасжол құрылысына қатысты сауалға: «Бүгінгі күні Ақтөбе-Атырау бағытындағы тасжолдың аудан аумағынан өтетін 16 шақырымына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Жол жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компания — «Ивета СО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мердігер компания бұл аралықтағы жолды биыл қарашада аяқтауы тиіс еді, алайда техникалық себептерге әрі ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл жұмыстарды жүргізу уақыты келер жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», — деп жауап берді Базарбек Боранбай.

Мәлім болғандай, қазір аудан орталығынан Жарлы ауылына дейінгі аралықтағы  39 шақырымдық жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Аккорд» ЖШС бұл жұмыстарды биыл қазанда бастаған. Сол сияқты, Жарлыдан Сағызға дейінгі аралықтағы 60 шақырымдық жолға да жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында да атқарылған жұмыстар жайы сөз болды. Б.Боранбайдың айтуынша, 2015 жылы қарашада Жарқамыс ауылдық округінің Қаратөбе кен орнында мұнай төгіліп, ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында осы төтенше жағдайдың алдын алуға «Қазақтүрікмұнай», «Ақпан», «Алтиес Петролеум» серіктестіктерімен мұнай төгілген жер учаскелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Жаңатаң ауылында салынған спорт алаңы мен Кемершидегі апатты жағдайда тұрған клубқа жүргізілген күрделі жөндеу де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қолға алынған істер.

Арайлым НҰРБАЕВА.   

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті