Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Дата: 17 ноября 2017 в 09:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыс пен қиыр оңтүстікте, батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, қиыр солтүстікте боран, — деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні түнде 15-20, кей жерлерде 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, жекелеген аудандарда боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде, Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.
Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман.
Астанада +1, бұлтты.
Алматыда +4, күн ашық.
Фото: anywalls.com

По сообщению сайта Zakon.kz