Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жамбыл облысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесу өтті

Дата: 07 декабря 2017 в 19:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында Өңірлік жобалық офистің интерактивті алаңының таныстырылымы және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуінің

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

І. Шараның мақсаты:

1) «Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған өңірлік жобалық офиске арналған интерактивті, заманауи алаңының тұсаукесер рәсімін өткізу.

2) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ілгерілету. Облыс тұрғындарын «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қорытындысымен таныстырып, облыстан жеңімпаз атанған азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету.

ІІ. Шараның бағдарламасы:

1) Шараның бірінші бөлімінде өңірлік жобалық офистің интерактивті ақпараттық алаңының тұсаукесері және таныстырылымы өтеді. Алаң Бағдарламаның негізгі 4 бағыты («Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны») бойынша жұмыс жасайды. Әр интерактивті алаңның өзіндік ерекшеліктері бар:

— «Тәрбие және білім» алаңында «100 жаңа оқулық», латын әліпбиі және аталған бағытта өңірде жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпараттар орналасқан. Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және латын әліпбиін үйрету мақсатында компьютерлер орналастырылған.

— «Рухани қазына» алаңында өңірдің киелі жерлері, Қазақстандық заманауи мәдениет, өңір табиғаты және аталған бағытта жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпаратпен танысуға болады.

— «Атамекен» алаңында әлеуметтік бағдарламалар, ҮЕҰ, меценаттардың форумы, еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары, интерактивті платформа, «Жомарт жүрек», «Асыл жандар» жобаларымен танысуға болады.

— «Ақпарат толқыны» алаңында Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу және «100 жаңа есім» жобаларымен танысуға болады.

— Сондай-ақ, барлық алаңдардың жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс жасау орны құрылған.

2) Шараның екінші бөлімінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесу өтеді. Кездесуді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев ашып, кіріспе сөзін сөйлейді. Кездесу барысында, «Кирпичник» ЖШС директоры (2013-2015ж), қоғам белсендісі Сембек Әбетайұлы Сейдазимовтың, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Ерлан Әбдінәбиұлы Бақтыгерей, Алматы қаласы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ нейрохирургі Марат Аманғалиұлы Саршаев, Кәсіпкер Әбдібек Үйкекбайұлы Пошкаев, Полиция сержанты Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Достықұлы Таңатаров қатысып, тақырыпқа сай өз ойларын білдіреді.

ІІІ. Шараға шақырылғандардың құрамы:

Облыстың зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары, аудан әкімдері, ЖОО басшылары мен БАҚ өкілдері.


По сообщению сайта Zakon.kz