Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбе тұрғындары енді қоқыстарын сата алады

Дата: 11 декабря 2017 в 15:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбеде «Таза қала» мердігер ұйымы тұрғындардың қолданған пластикалық және шыны бөтелкелерін, тұрмыстық химияның флаконын, картон, пакет және қаптарды ақшаға сатып алады, — деп хабарлайды baq.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Бірақ ақтөбеліктер қоқыс сатып, ақша табуға асығар емес. Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай лас жұмыстың ақшасы мардымсыз. Кәдеге жарайтын шикізатты килограмдап өлшеп алады. Картонның бір килограмы 8 теңге, бөтелке 2 теңге, баклажка мен пакет 20 теңге, қап 4 теңгеге қабылданады. Қоқысты қабылдайтын жер қала сыртында, оқшауланып тұр.

Заттарды қабылдайтын Даниярдың айтуынша, пункт ашылғалы бері бір кило да шикізат түспепті.

«Жақсы ақша істеу үшін, «Газельмен» әкелу керек. Бірақ әзірге мұндай қоқыс келген жоқ.

Пластик пен полиэтилен қалдықтары – бір жыл бұрын Ақтөбенің қоқыс полигонында жинала бастады. «Союз Грант» ЖШС бұл жерден іріктейтін кешен ашты. Жылына 200 мың тонна қоқысты бөліп шығаратын. Кәсіпорын іріктеп алған қоқысты Ресейге жібереді. Ал олар оны шикізат ретінде пайдаланады.

«Союз Грант» көпқабатты үйлердің ауласында пластикалық қоқыстарға арналған контейнерлер қойды. Қала тұрғындары қоқысты бөліп салуға енді дағдыланып жатыр. Бірақ бұдан қоқыс азаяр емес.


По сообщению сайта Zakon.kz