Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ҰҚК: Сирия мен Ирактың қарулы қақтығыс аймағында 390 қазақстандық бала бар

Дата: 12 декабря 2017 в 15:39 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймағында қалған қазақстандық балалар санын айтты, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбековтың мәліметінше, қазіргі уақытта Сирия-Ирак аумағында 16 жасқа дейінгі 390 бала бар – 214 ұл, 176 қыз. «Бірден айтып өтейін, осы санды тілге тиек етіп отырсақ та, шын мәнісінде сонша баланың тірі жүргеніне кепілдік бере алмаймыз. Әлбетте, олар белсенді әскери операциялар, Сирия әскері мен коалициялар аймағында. Аталған балалардың бәрі аман-есен деп нақты айта алмаймыз», — деді Білісбеков «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстанның кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды жүзеге асыру жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдар кездесуі барысында.

ҰҚК мәліметіне сүйенсек, бомбалау аймақтарына Қазақстанның азаматтары да тап болып жатады.

«Біз қайта тексеруге тырысып жатырмыз, бұл өте қиын жұмыс – ол жерде ешқандай консулдық қызмет жоқ, биліктің өзі қақтығыс аймақтарын бақылауға қауқарсыз, дегенмен бұл жұмысты атқаруға барынша күш салып жатырмыз», — деп сендірді ҰҚК төрағасының орынбасары.

Қазір Қазақстанға 63 бала қайтарылған, тағы 50 баланы алып келу жоспарланып отыр. «Бұл балаларды оңалту үшін қауырт жұмыс істеуміз керек болады», — деп атап өтті Білісбеков.


По сообщению сайта Zakon.kz